Nissan Almera седанын жаңартты

Nissan Almera седанын жаңартты

Nissan Таиланд нарығына арналған Almera-ның рестайлингтен өткен нұсқасын көрсетті. Ал Америкада бұл модель Versa атауымен танымал, оны компания былтыр күзде өзгерткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Базалық Nissan Almera ішінара түрленді: седанның радиатор торы хромды каскадтың арқасында үлкен көрінеді, қымбат нұсқасы тұманға қарсы шаммен жабдықталған. Арт жағы өзгеріссіз қалды. Салондағы ортаңғы тоннель қайта жасалды, ал медиажүйенің диагоналі сегіз дюйм болады.

 

 

 

Almera-ның азиялық нұсқасы Iconic, Ignite және Ultimate деп аталатын пакеттерімен ерекшеленеді. Бұлар көліктің сырт пішінін түрлендіріп, агрессивті көрсетеді, ал салонға спорттық сипат береді. Ірі бампер, табалдырық қаптамасы, жүксалғыш қақпағындағы спойлер мен балама артқы бампер сияқты аксессуарлар ерекше көзге түседі. Ол ортада орналасқан газ шығаратын жүйеге ұқсайды.

 

 

 

 

Бұдан бөлек седанның кей бөлшегін қара түске ауыстыруға болады, радиатор торы, бүйірлік айнасы мен төбесі осының дәлелі. Салонда түрлі түсті сәндік элементтер мен алюминий педаль бар. Көмекші жүйелер кешені көбейді.

 

Мотор гаммасында өзгеріс жоқ. Таиландтағы Nissan Almera 100 ат күшіне ие (152 Нм) бір литрлік турбомотормен жүреді, агрегат тек вариатормен жұмыс істейді. Бағасы 549 мың баттан (7.2 млн теңгеден) басталады. Америкалық нұсқасы қуатты мотормен жабдықталған. 124 ат күшіне ие 1.6 литрлік атмосфералы қозғалтқыш вариатордан бөлек, 5 сатылы механикамен де жұмыс істейді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста