Mercedes-Benz шағын «Гелендваген» шығарады

Mercedes-Benz танымал G-Class-тың кішірек нұсқасын жасап жатыр. Германияның Handelsblatt газеті хабарлағандай, алда шығатын жаңа өнім жол талғамайтын көлік емес, өйткені ол жеңіл машина платформасына негізделеді. Бюджеттік гелик нарыққа 2026 жылы шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа өнімнің G-классқа шанақ дизайны ғана ұқсайды. Беби-G Mercedes-Benz A және B-класты шағын модельдер топтамасының жаңа буынына арнап дайындап жатқан жаңа платформада жасалады.

 

Машина ескі модельге қарағанда қысқа, аласа әрі клиренсі төмен болады. Соған сай жаңа өнімде жолсызбен жүруге арналған атрибут аз. Көлік «Гелендваген» алғысы келетін, бірақ оның жол талғамайтын қасиетін қажет етпейтін клиенттерге арналған.

 

Жаңа платформа іштен жанатын қозғалтқыш та, электромотор да орнатуға мүмкіндік береді, демек жаңа өнімнің электрлі нұсқасы болады. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, машинада жылдам қуаттау технологиясы болады және жүріс қоры 500 шақырымға жетеді.

 

Жаңа модель атауы қазірше белгісіз. Mercedes-Benz-тің дәстүрлі номенклатурасына сай GLG белгісі пайда болуы мүмкін, бірақ инсайдерлер компания одан бас тартқанын айтады.

 

Жақында батареялы «Гелендваген» жарыққа шығады. Марка сырт пішіні ұқсас, бірақ төрт электромотормен жүретін жол талғамайтын көлікті сынақтан өткізіп жатыр. Ол Mercedes-Benz EQG деп аталады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста