Lexus шағын LBX кроссоверін көрсетті
5 маусымда Lexus топтамада UX моделінен бір саты төмен тұратын шағын LBX кроссоверін таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Автомобильдің ұзындығы — 4190 мм, ені — 1825 мм, биіктігі — 1545 мм, ал дөңгелек базасы — 2580 мм. Модель Toyota Yaris Cross сияқты GA-B платформасына негізделген. LBX-тің «Тойота» моделіне платформасы ғана емес, күштік құрылымы да ұқсас.
LBX 1.5 литрлік бензинді мотор және шағын электромотормен жүреді, агрегат вариатормен жұмыс істейді. Жалпы қуаты 134 ат күшіне (195 Нм) жетеді. Алдыңғы жетекті және толық жетекті нұсқасының бірін таңдауға болады. Толық жетекті түрленімінің күштік құрылымы қандай болатыны қазірше белгісіз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу