«Конструктор» көліктерді заңдастыру мәселесі жеке-жеке шешіледі - ҚР ІІМ

«Конструктор» көліктерді заңдастыру мәселесі жеке-жеке шешіледі - ҚР ІІМ

Бүгін брифингте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев «конструктор» көліктерді заңдастыру мәселесі жеке-жеке шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Мұндай машина иесі оны заңдастыру үшін құжаты мен көлігін алып мамандандырылған ХҚКО-ға баруы керек. Онда барлық құжатты зерттеп, автомобильді тексереміз, содан кейін әрбір көлікке қатысты жеке шешім қабылдаймыз. Алаңдаудың қажеті жоқ. Барлық мәселені қарастырамыз. ІІМ мемлекет басшысының тапсырмасына орай бәрін реттеуге күш салады», — деді Сұлтанбаев.

 

Сондай-ақ ол ҚР ІІМ сыртқы істер министрлігімен бірге елдегі армян көліктерін қашықтан тіркеуден шығару туралы Армениямен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Бірақ бұл процесс біраз уақытқа созылуы мүмкін.

 

Өткен жұмада жүргізушілер Алматы мен Астанада жиналып, «конструктор» көліктерді жеңілдікпен тіркеуді және армениялық машиналарды қашықтан есептен шығаруға рұқсат беруді талап еткен.

 

Бұған дейін ІІМ «конструкторға» қатысты қатаң позицияда еді.

 

«Біріншіден, бұрын олар заңсыз қолданылғанын атап өткен жөн. Аталған автомобильдер Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде кірді, кедендік тазартудан өткен жоқ. Ереже бойынша оларды бөлшектеп сату үшін әкелген. Екіншіден, бәрі жалған техпаспортпен, нөмірмен жүр. Бұл автомобильдерді заңдастыруға болмайды. Оларды елден шығару не бөлшектеп сату керек», — деген болатын Әкімшілік полиция комитетіне қарасты Тіркеу басқармасының басшысы Әлібек Кеңесбаев.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста