Kia Mohave Қазақстанға оралды
Рестайлингтен өткен Kia Mohave моделіне арналған көлік құралының типін мақұлдау құжаты жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығады.
Машина Қазақстанда 249 ат күшіне (549 Нм) ие 3 литрлік дизельді турбомотормен (Еуро-5) жүретін 6 және 7 орынды нұсқада сатылады. Агрегат 8 сатылы автомат және толық жетекті жүйемен жұмыс істейді. Mohave рамалы автомобиль екенін айта кеткен жөн.
Комплектациясы туралы ақпарат жоқ, КҚТМ құжатындағы дерекке сүйенсек, көліктің 18 және 20 дюймдік дөңгелек дискісі орнатылған нұсқалары болады. Машина «Автоторда» шыққан модельмен ұқсас жабдықталуы мүмкін.
Түрленіміне байланысты жол талғамайтын көлік толық жарықдиодты оптика, алдыңғы және бүйірлік эйрбэг, қауіпсіздік пердесі, электронды көмекшілердің толық жинағы, электр жетегі бар люк, климат-бақылау, желдетуге болатын алдыңғы және артқы орындық, цифрлы аспаптар панелі, 12.3 дюймдік медиакешен экраны, 13 динамигі бар Lexicon аудиожүйесі және т.б. жабдықталады.
Kia Mohave моделінің Қазақстандағы бағасы мен комплектациясы жақында белгілі болады. КҚТМ құжаты 24 қарашада күшіне енеді. Құжат бір жылға ғана беріліпті.
Kia Mohave бұған дейін де Қазақстанда жасалған. Жол талғамайтын көліктің бірінші буыны Өскемендегі «Азия Авто» зауытында ірі торапты әдіспен шыққан.