Hyundai Santa Fe-нің бесінші буынын көрсетті

  • 22
Hyundai Santa Fe-нің бесінші буынын көрсетті

Hyundai көпшілікке Santa Fe кроссоверінің бесінші буынын таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Камуфляжбен қапталған прототиптен автомобильдің сырт пішіні өзгеше болатыны белгілі болған, бірақ сериялы көлік басқаша болып шықты. Модельдің ұзын көлденең капоты мен шанақтағы қырлы жиектері көзге түседі. Алдыңғы жақта жарықдиодты сызығы бар күндізгі жүріс шамы радиатор торын бойлай орналасқан, Santa Fe-нің жіңішке жел әйнегі мен үлкен жүксалғыш есігі бар артқы жағы ерекше көрінеді.

 

 

 

 

Салонда медиажүйе экраны мен цифрлы аспаптар панелі, рөлде орналасқан беріліс қорабының селекторы және ортаңғы консольдегі физикалық батырмалар бар. Өндіруші басқару жүйесін сенсорлы экранға көшіруге асықпайтын сияқты. Интерьерде бірнеше сымсыз қуаттау құралы, ұсақ-түйек сақтайтын қуыс, USB-C рәзеткісін көресіз. Артқы орындықтар бүктелгенде тегіс еден пайда болады.

 

 

 

 

Компания модельдің техникалық сипаттамасы туралы жақ ашпай отыр. Бірақ суреттерге қарап, болжам жасай аламыз. Жүксалғыштағы 2.5T деген жапсырма капот астында 2.5 литрлік турбомотор дегенді білдіреді. Топтамадағы бұл агрегат орнатылған өзге машиналар 280 ат күші мен 422 Нм момент береді. Сонымен қоса модельдің гибрид нұсқасы да шығады.

 

Hyundai Santa Fe-нің бесінші буыны тамызда тұсаукесерін жасайды. Жаңа модель Қазақстанда сатылады. 2.5 литрлік мотор және автомат қорабы бар нұсқасы біздің елде 17.6 млн теңге тұрады. Ал 3.5 литрлік мотормен жүретін қымбат нұсқасы 23.1 млн теңгеге бағаланған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 191
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 238
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста