Hyundai кез келген кептелістен шыға алатын көлік шығарды

Hyundai кез келген кептелістен шыға алатын көлік шығарды

Hyundai Mobis компаниясының e-Corner жаңа жүйесімен жабдықталған көлігі кез келген кептелістен шыға алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оның барлық доңғалақтары 90 градусқа бұрылып, бүйірімен ашық жолға шығып жүре береді. Жаңа жүйенің басқа пайдалы функцияларын Slash Gear платформасында жарияланға.

 

Фото hyundai.news сайтынан алынды

 

Жаңа жүйе кореялық компания Ioniq 5 электр көлігіне орнатып, оның қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін көрсету үшін жалпыға ортақ жолдарда көрсетті.

 

e-Corner жүйесімен жабдықталған көліктің тежегіштері, рульдік басқаруы, амортизаторлар мен доңғалақтарды қозғалту тәсілі инженерлік шешімнің арқасында барлық төрт доңғалақты да бірге немесе бөлек 90 градусқа бұруға мүмкіндік берді. Бұны Hyundai «краб сияқты жүру» деп атаған.

 

Бұл көліктің маневрін кеңейтіп, қалалардың кептелістерінде, тар автокөлік тұрақтарында бұрылуды барынша жеңілдетеді. Қазақстанның ірі қалаларында жаңа корейлік модель сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Әсіресе, тар автотұрақтарда көліктерін қоюға қиналатын қыздар мен әйел азаматтары үшін Hyundai Mobis компаниясының Ioniq 5 электромобилі таптырмас шешім болуы мүмкін. Әлемдегі осындай жалғыз көліктің видеосы төменде:

 

 

Фото hyundai.news сайтынан алынды

 

Барлық доңғалақтарын 90 градусқа бұрыла алатындықтан e-Corner-мен  жабдықталған көлікті бір орнында немесе автомобильдің орталық осіндегі «кез келген нүкте» бойынша айналдырып жүргізуге болады. Сонымен бірге автомобиль 45 градус бұрышпен қозғала алады, «диагональ бойымен» де жүреді.

 

Hyundai компаниясының инновациялық көлігі жаппай өндіріске енгізілген әлемдегі ең алғашқы моделі саналады. Мамандар бұл көлікке орнатылған жаңа жүйенің әлеуеті әлдеқайда жоғары екеніне сенеді.

 

Қазіргі нарықта Mercedes пен Hummer де доңғалақтары бұрылатын көліктер шығара бастады. Бірақ олардың доңғалақтары Hyundai компаниясының Ioniq 5 моделіндегі сияқты толық 90 градусқа бұрыла алмайды. Мына видеодан ғажайып бұрылыстарды көресіз:

 

 

Фото hyundai.news сайтынан алынды

 

Жол бойына параллель траекториямен тұрақтау мүмкіндігі болмауы қала көшелерінде жүргізушілер үшін ең жиі кездесетін проблема. Сондықтан Hyundai инженерлерінің технологиялық шешімі басқа да автомобиль өндірушілерді қызықтыратын жаңа бағыт болуы мүмкін.

 

Жасанды интеллект негізінде жүргізушіге көмек опциялары көліктерді басқаруды жеңілдеткенмен, тар кеңістікте тұраққа қою мәселесін шеше алмайды. Жасанды интеллект те адам сияқты параллель траекториямен тұраққа қоюды таңдайды. Өйткені көліктің техникалық сипаттары – осындай.

 

Жол қозғалысы тығыз кезде тәжірибесі жоқ немесе асыққан, шыдамсыз жүргізуші өз көлігін басқа көліктерге тым жақын қойып кетуі мүмкін. Басқа көліктердің алдында және артында бос орын қалмай, олар тұрақтан шыға алмай қиналады. Осындай кезде доңғалақтары 90 градусқа бұрылатын көлік еш қиындықсыз көлденең қозғалып тар жерден шығып кете алады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста