Hyundai Grandeur-дің жаңа буынын көрсетті

Hyundai жетінші буындағы Grandeur седанының сырт пішіні мен интерьерін көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Марка флагманның алды-артына жіңішке жарықдиодты жолақ, бамперіне ірі шам орнатыпты. Дизайны 1980 жылдары шыққан алғашқы Grandeur-ге ұқсайды.

 

 

Модельдің түпнұсқасын еске салатын тағы бір бөлшекті салоннан табасыз, ол үшін рөлге қараса болғаны. Айтпақшы, артында екі дисплейден тұратын ірі панель тұр. Үшінші экран ортаңғы консольде орналасқан, ол климат бақылау, жылыту, желдету жүйелері мен электронды көмекшілерді басқаруға арналған.

 

 

Көлікте көз үйренген автомат селекторы жоқ, консольден батырма да таппайсыз. Бірақ рөлге шағын джойстик орнатқан. Қосымша қауіпсіздік үшін саусақ ізін танитын сканер бар. Артқы жолаушылар электр жетекті пердеше мен орындық арқасын реттей алады.

 

 

Күштік құрылымдар тізімінде газ не бензинмен жұмыс істейтін 3.5 литрлік V6, 2.5 литрлік қозғалтқыш пен 1.6 литрлік турбомотор болады. Агрегаттардың қанша ат күшіне ие болатыны, қандай қораппен жұптасатыны айтылмады.

 

 

Grandeur-дің жетінші буыны туралы толық мәлімет келер айда белгілі болады. The Korean Car Blog таратқан ақпарат бойынша көлікке алдын ала 60 000 тапсырыс рәсімделіпті. Айта кетерлігі, модельдің қазіргі буыны көлеңкеде қалмайды, ол өз отанында көп сатылған 5 машина тізіміне енсе, седандар арасында көш бастап тұр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста