Exeed Өзбекстанда автозауыт ашады

Chery құрамына кіретін премиум марка Өзбекстанда автомобиль құрастыратын алаңды іске қосуға дайындалып жатыр. «Китайские автомобили» сайты таратқан ақпарат бойынша алғашқы көліктер көктемде конвейерге тұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар ел астанасында орналасқан кәсіпорынға жабдық жеткізіп, орнатып жатыр екен. Мәселен, ауыр жүк қоятын құрылымдар мен сынақ өткізетін стенд апарып қойған.

 

Дистрибьютор қызметін атқаратын Asaka Motors International компаниясы басылымға мұнда ірі торап әдісімен 5 мың автомобиль жасалатынын хабарлады. Бірақ болашақта толық циклда машина құрастырып, өндіріс көлемін жылына 20 мың автомобильге дейін арттырады. Демек марка өнімдерін экспорттау мүмкіндігі артады.

 

Exeed басшылары Өзбекстанды қарқынды дамып жатқан нарық деп есептейді. Сондықтан премиум кроссоверлер мұнда иесін табатынына сенімді. Наурызда бірден үш модельді (VX, TLX және LX) халыққа ұсынады. Брендтің ресми сайты жұмыс істеп тұр, бірақ модельдердің бағасы жарияланбады.

 

Былтыр қыркүйекте Ферғанада электромобиль өндірісі басталады деген мәлімет тарады. Онда Central Asia Motors зауыты бой көтерген. Презентация өткен күні көлік құрастыратын алаң суреттерінен дизайны Exeed TXL-ді еске салатын Е-500 көзге түсіп, жұрт марка өнімдері сол зауытта жасалады деп қате болжам жасады. Қазір Ферғанадағы кәсіпорынға қатысты мәлімет жоқ.

 

 

QAZ Kolesa.kz редакциясы Асака қаласына жол тартып, бұрын Daewoo, Ravon шығарса, қазір Chevrolet көліктерін құрастырып жатқан кәсіпорынға шолу жасаған еді.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста