Былтыр EuroNCAP бұрынғыдан көп краш-тест өткізіп, ең мықты көліктерді анықтады. Қызығы, арасында еуропалық бренд жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Компания жеңімпаздарды жұлдыз санына қарап емес, жолаушылар мен жаяу жүргіншілерді қорғау деңгейіне сай берілген балл мен электронды көмекшілерінің қызметі бойынша таңдапты. Неғұрлым жоғары балл жинаған модель бірнеше категориядан тұратын рейтингте алдыңғы қатардан көрінді.
Hyundai Ioniq 6
Сынақ нәтижесі бойынша ең қауіпсіз ірі отбасылық көлік атағын Hyundai Ioniq 6 иеленді, алайда оның жаяу жүргіншілерді қорғау деңгейі 66 %-дан аспайды.
ORA Funky Cat
Шағын отбасылық автомобиль класында қарт құрлық тұрғындарына таңсық ORA Funky Cat топ жарды. Қытайлық шағын хетчбэк бес жұлдыз алған.
WEY Coffee 01
Funky Cat қатарына аспан асты елінде жасалған тағы бір машина — WEY Coffee 01 қосылды. Ол Lexus RX-тен басым түсіп, «Ірі кроссовер» категориясында үздік деп танылды.
Tesla Model Y
Қалған үш номинацияны Tesla электромобильдері бөлісіп алған. Model S ең жақсы электрокар атанса, Model Y шағын кроссоверлер сегментінде жеңіске жетті. Бұл екеуі де электронды көмекшілерінің жұмысы үшін 98 % ұпай жинады.
Tesla Model S