Ең үлкен Tank тағы сынақтан өтіп жатыр

Ең үлкен Tank тағы сынақтан өтіп жатыр

Great Wall концернінің құрамына кіретін Tank бренді флагман моделі — 800 индексті ірі жол талғамайтын көлігін сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ прототиптің фототыңшылар түсірген суретін жариялады.

 

 

Tank ең қымбат моделінің прототипін Шанхай автосалонында көрсеткен. Сериялы автомобиль әсерлі радиатор торын, оптикасын және тартымды сұлбасын сақтап қалды.

 

 

Шанақтың артқы жағы камуфляжбен тығыз жабылған, соған қарағанда Tank 800 екінші қатардағы жолаушылар үшін жайлы болатын сияқты. Қолда бар мәліметке сүйенсек, көлемі үлкен болғанымен жол талғамайтын көлікте бөлек екі кресло ғана болады, Tank 800-дің үш қатарлы нұсқасы шықпауы мүмкін. Орындықта жылыту, желдету, массаж және жеке реттеу функциясы бар. Сондай-ақ артта отырған жолаушылар климат пен мультимедианы өздері басқарады.

 

 

Машина 354 ат күшіне (500 Нм) ие 3 литрлік V6-мен жүреді, марка Tank 500-ге де осы моторды орнатқан. Жаңа өнім «без жүздікпен» бір платформаны бөлісуі мүмкін. Флагман нарыққа қашан шығатыны қазірше белгісіз.

 

Қазақстанда сатылып жатқан Tank 500 де осындай мотормен жүреді, бірақ электрлі қосымшасы жоқ. Козғалтқыш 299 ат күшін береді. Қытайлық «ленд крузер» 26.7 млн теңге тұрады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста