Елімізде жаңа көліктердің барлық түрінің бағасы 4 ай ішінде шарықтап кетті

Kolesa.kz көпшілік жиі сатып алатын жаңа автокөліктердің қаншалықты қымбаттағанын есептеген, деп хабарлайды Экспресс К.
Мәселен, Hyundaі Accent-тің бағасындағы өзгеріс ақпан айынан басталған. Жыл басында 6,4-7,5 миллион теңге арасында саудаланған су жаңа автомобиль наурыз айында 7,1-8,2 миллион теңгеге бағаланған.

Ал Hyundaі маркасының басқа модельдерінің бағасы сәл кейірінек қымбаттапты. Elantra моделінің бағасы 8,4-12,2 миллион теңгеден, 9,2-13,5 миллион теңгеге дейін көтерілген. Сондай-ақ қазақстандықтар жиі мінетін Hyundai Sonata-ның бағасы бұрынғыдан 1,4 миллион теңгеге өсті.

Chevrolet маркасының да Cobalt және Nexia деп аталатын модельері бағалары 800 мың — 1,1 миллион теңгеге қымбаттаған.

Ал Kia-ның барлық моделінің бағаларында өзгеріс бар. Мұндай маркалы темір тұлпарлар салондарда қазір, бұрынғы бағаға қарағанда, 500 мың-2,2 миллион теңгеге артық саудаланып жатыр.

Түп-төркіні Ресейден шыққан Lada-маркасының бағасы да басқа көліктерден қалыспай шарықтап барады. Lada Granta тура 1 млн теңгеге қымбаттаса, Vesta моделінің бағасына 400 мың теңгедей қосылыпты.

Ал барша қазаққа арман болған жапондықтардың Toyota Camry 70 моделі қазір 14,9 миллион теңгеден сатылып жатыр. Ал бұл модель осы жылдың басында 12,6 миллион теңге болған.

Сонымен қоса, Toyota Land Cruiser-дің құны комплектацияларына сәйкес 14-20 пайызға дейін өскен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста