Елімізде көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе

Елімізде көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға тыйым салу жүргізушілерге тәртіп сақтауға ықпал ететінін айтты, Zakon.kz тілшісі.

 

"Көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға тыйым салу ғылыми тұрғыда негізделген бе және бұл тыйымды жақын арада қайта қарау жоспары бар ма?" деген сауалға жауап берген ІІМ өкілі бұл шара жолдағы жүргізушілерді тәртіпке шақыратынын атап өтті.

 

- Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ тонировкаға әлі де тыйым бар. Бұл норма нақты қай жылы енгізілгенін білмеймін, бірақ ол кезде көптеген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуін тақпауы, ұялы телефон пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына бала отырғызу, яғни жүргізушілер баласын жол қозғалысы ережесін бұза отырып, алып жүрген. Менің ойымша, басқа да себептер болды, - деді Жандос Мұраталиев.

 

Бұл ретте ол автокөлік жүргізушілері көліктің артқы жағындағы терезелерді қараңғылай алатынын атап өтті.

 

- Алдыңғы терезені және алдыңғы жақтағы екі терезені қараңғылауға тыйым салынады. Көліктің артқы терезесін және артқы жағындағы екі терезесін қараңғылауға рұқсат етіледі, - деді Жандос Мұраталиев.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста