Дизайнерлік Toyota C-HR буын алмастырды

Дизайнерлік Toyota C-HR буын алмастырды

Toyota C-HR-дің екінші буынын таныстырды. Жаңа модель дизайнымен ерекшеленеді, бірақ өзгерген тұстары да жетерлік. Кроссовердің ішкі функциялары жақсарды және енді гибрид күштік құрылыммен ғана жабдықталады. Ол 2024 жылы саудаға шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа Toyota C-HR-ді еуропалық студия Еуропа жұртына арнап шығарған. Машина көтеріңкі хот-хэтчке ұқсайды. Бірақ сырт пішіні соңғы шыққан Crown, Prius және bZ4X модельдерін еске салады.

 

Сонымен қоса C-HR-де басқа «тойоталарда » болмаған есік тұтқалары бар.

 

 

 

 

Мамандар кроссовер үшін шанақ бояудың жаңа схемасын (қосымша ақы сұралады) және арт жағында тұратын ерекше әшекей әзірлеген. Модель атауы артқы шамның арқалығында тұрады. Бұл темір тұлпардың сәл қысқаруына (4360 мм) ықпал етті, ал дөңгелек базасы бұрынғыдай — 2640 мм.

 

Интерьердегі ірі ортаңғы тоннель мен бірнеше экран бірден көзге түседі. Аспаптар панелінің диагоналі — 12.3, ал медиажүйе экраны — 8-12.3-дюйм. Қосымша ақша төлеп проекциялық дисплей орнатуға болады. Базалық нұсқасына екі экран орнатқан. «Цифрлы кілт» пен кей функцияларды смартфон арқылы басқаруға болады. Төбедегі пердені алып тастапты. Компания өкілдері әйнек ультракүлгін сәулені өткізбейтінін, әрі перде болмаса көлік салмағы 5 келі жеңілдейтінін айтты.

 

 

 

 

Стандарт аспаптар тізімінде атмосфералы жарықпен бірге жұмыс істейтін Safety Sense қауіпсіздік ассистенті бар. Қауіпті жағдай туындаса ол дыбыс шығарып, жыпылықтайды. Сыртта тұрып, смартфон көмегімен кроссоверді тұраққа қоя аласыз.

 

Базалық нұсқа вариатормен жұмыс істейтін 1.8 литрлік атмосфералы қозғалтқыш және электромотормен жүреді. Осының арқасында күштік құрылым 140 ат күшін береді. Алғашқы жүздікті 9.9 секундта еңсереді. Аралық түрленім осыған ұқсас, 2 литрлік моторы 198 ат күшіне ие. Осындай C-HR артқы осьте орналасқан электромотор есебінен толық жетекті болуы мүмкін.

 

 

 

 

Ең қымбат кроссоверлер алғаш рет қуатталатын гибрид атанады. Электромотор мен дәстүрлі мотор қосылып, қуаты 223 күшке дейін артты, 13.8 киловатт батареясының арқасында бензинсіз 66 шақырым жол жүре алады. Ең қуаттысы гибрид болады: алғашқы жүздікті 7.4 секундта еңсереді. Сонымен қатар мұндай кроссоверде экоаймақтың шекарасын кесіп өткенде күштік құрылымын автоматты түрде электрлі тартқышқа ауыстыра алатын ерекше навигациялық жүйе бар. Салонды әрлегенде экологиялық қауіпсіз материалдар қолданған.

 

 

Toyota C-HR моделінің бірнеше түрленімін ұсынады. Оның ішінде 20 дюймдік дөңгелектері мен спорттық стильде безендірген GR Sport нұсқасы да бар. Бағасы қазірше белгісіз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста