«Cіздің атыңызда жарамсыз көлік тіркеліп тұрса, уақытында есептен шығарыңыз» - мемлекеттік істер комитеті

«Cіздің атыңызда жарамсыз көлік тіркеліп тұрса, уақытында есептен шығарыңыз» - мемлекеттік істер комитеті

Ал бұзылған көлік пайдаланылмаса, оны тіркеуден шығарып тастаған дұрыс.

Мемлекеттік кірістер комитеті жарамсыз көліктерді мемлекеттік тіркеуден шығаруға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отардың айтуынша, сенімхат арқылы сатылған көліктің салығы тіркеуде тұрған адамның атына келе береді.

"Мысалы көлігім сенімхат арқылы сатылды дейік. Бірақ ол менің атымда тіркеліп тұр. Сонда мен салықты төлеуге міндетті боламын", - деді Отар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал бұзылған көлік пайдаланылмаса, оны тіркеуден шығарып тастаған дұрыс. Әйтпесе салығы иесінің атына келе береді.

"Қазақстандықтардың көбісін осы мәселе мазалайды. Жарамсыз көлік ішкі істер органдарында тіркеуде тұрса, ол көлік жүрсін, жүрмесін, салығы есептеледі. Осыны ұмытпау керек. Сондықтан сіздің атыңызда жарамсыз көлік тіркеліп тұрса, оны уақытында есептен шығарып тастаған дұрыс", - деп атап көрсетті Отар.

Осы орайда комитет өкілі "E-SalyqAzamat"  мобильді қосымшасының іске қосылғанын еске салды. Сол жерде көлік, жер мен мүлік салығы бойынша барлық сұраққа жауап алуға болады. Сондай-ақ осы салықтарды төлеуге мүмкіндік бар. Айта кеткен жөн, 2020 жылдың көлік салығын биыл 1 сәуірге дейін төлеу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста