Chery TJ-1 кроссоверін таныстырды

Chery TJ-1 кроссоверін таныстырды

Қытайда өткен Chery Night шарасында концерн жаңа TJ-1 кроссоверінің прототипін ұсынды. Марка конвейерге осы модельді жібереді деген болжам бар. Оны «жеңіл жол талғамайтын көлік» ретінде таныстырды. Қалада жүретін кроссоверлерге қарағанда бұл машина асфальтсыз жерге бейімделген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Машинаның габариті 4515×1865×1680, ал дөңгелек базасы 2675 миллиметр. Темір тұлпар өзі ұқсайтын Range Rover Evoque-тан үлкендеу болып шықты.

 

Интерьерінің ұтымды тұсы — Qualcomm 8155 чипі арқылы жұмыс істейтін 14.8 дюймдік медиажүйе дисплейі.

 

Көлік бағдарламасын қашықтан жаңартуға болады, одан бөлек бет-әлпетті тану жүйесі бар, ал автономды басқару деңгейі — 2+.

 

 

 

 

 

Жол талғамайтын көліктің мүмкіндіктері нақты айтылмаған. Алдын ала болжам бойынша кроссовердің қарапайым түрі толық жетекті мотормен жабдықталады. Күштік құрылымы стандарт және гибрид болады.

 

Ең арзан нұсқасы 7 сатылы роботпен жұмыс істейтін 1.6 литрлік турбомотормен жүреді, ал анағұрлым қымбат гибрид 1.5 литрлік дәстүрлі қозғалтқышқа негізделген, ол 156 ат күші мен 220 Нм момент береді. Мұндай кроссовер электр күшімен 100 шақырымды еңсереді, құжат бойынша 100 км-ге бір литр отын жұмсайды. Гибрид TJ-1-дің жүріс қоры — 1400 километр.

 

Chery-ге қатысты қалған мәлімет Шанхай автосалонында толығады. Қолданыстағы атауы қандай болатыны белгісіз. Оны дауыс беру арқылы таңдауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста