Боранды күндері жолға шыққан жүргізушілер 15 күнге қамалады
Жол жабылғаны туралы ескертуді елемей, ауа райының қолайсыз кезінде жолға шыққан жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.
Әсіресе, қыс мезгілінде ауа-райы жиі құбылады. Боран, аязды күндер көп болады. Сондай кезде төтенше жағдай қызметкерлерінің ескертуін елемей, жолға шығатындар болады. Енді олар жазасыз қалмайды.
– Тиісті өзгеріс Үкіметтің "Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы"қаулысына енгізілді, — делінген Индустрия минстрлігінің хабарламасында.
Тас жолға шығатын жолды жауып тұрған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар алғаш рет 30 АЕК немесе 91 890 теңге айыппұл төлейді. Тіпті, 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтындарға (мысалы, мүгедектерге) 50 АЕК, яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Министрлік дерегінше, биыл қазаннан бастап көктайғақ және қарлы боран сынды табиғаттың тосын мінезінің салдарынан республикалық жолдарда көлік қозғалысын 150-ден рет шектеуге тура келді. Алайда, алыс сапарларға шықпауға кеңес берілгенімен, оған немқұрайлық танытқан көптеген адам қар құрсауында қалып жатады. Жол саласының мамандарды күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен.