BMW жаңа 5-Series пен оның электрлі нұсқасын көрсетті

BMW жаңа 5-Series пен оның электрлі нұсқасын көрсетті

Жаңа Mercedes-Benz E-кластың тұсаукесерінен бірнеше апта өткен соң BMW оның басты бәсекелесін таныстырды. «Бестіктің» сегізінші буынында өзгеріс көп, сырт пішінінен тартып, салон архитектурасы, мотор гаммасы және әрлеу материалдарына дейін жаңарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ 5-серияның I5 индексті электрлі нұсқасы болады. Жаңа өнім қазанда сатылымға шығады.

 

 

Седан аспаның дәстүрлі жинағы бар (стандарт, бейімді және спорттық) платформада жасалады. Бірақ компания «бестіктің» шағаны қаттырақ болғанын, жүріс бөлігінің параметрі күштік құрылымының ерекшелігіне сай таңдалғанын мәлімдеді.

 

 

 

 

Модельдің буыны алмасқанымен, сырт пішінінде үлкен өзгеріс болған жоқ. BMW стилистері седанға екі деңгейлі оптика мен ірі «танауды» қолданып көргенін айтады, бірақ модель жанкүйерлеріне аса ұнамағандықтан бұл идеядан бас тартуға тура келіпті. Десе де «бестіктің» сегізінші буынына жаңа шанақ жиегі, үлкенірек радиатор торы және түпнұсқа бампер орнатты. Машинаның ұзындығы мен биіктігі аздап артты.

 

 

 

 

Салонда пішіні өзгеше рөл, жаңарған ортаңғы тоннель және 12.3 дюймдік аспаптар панелі мен 14.9 дюймдік медиакешен экраны көзге түседі. Кешен ең жаңа iDrive 8.5 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Салонда физикалық батырма азайып, сенсорлы панель мен түрлі слайдер көбейді.

 

 

 

Ең қызығы, медиажүйеде алдын ала орнатылған ойындар жинағы бар, оны жолаушылар смартфонын геймпад ретінде пайдаланып ойнай алады. 5-сериялы BMW-ға спорттық орындық орнатылған. Жайлы кресло мен былғары салон үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді.

 

 

 

 

BMW 530e PHEV

 

Еуропада «бестіктің» 2 литрлік төрт цилиндрлі мотормен жүретін базалық нұсқасы ғана сатылады. Бензинді мотор стартёр-генератормен бірге 208 ат күші мен 330 Нм береді, ал дизельді нұсқасы — 197 ат күшіне (400 Нм) ие. Екі мотор да 8 сатылы автоматпен жұмыс істейді, толық жетек дизельді нұсқасында ғана бар. Модель АҚШ-та қуатты қозғалтқышпен сатылады — 258 күшке ие 4 цилиндрлі және 381 ат күші бар алты цилиндрлі. Ал 2024 жылы көктемде 6 цилиндрлі дизельді мотор мен 489 ат күшіне ие гибрид нұсқасы жарық көреді.

 

 

 

BMW i5 M60 xDrive

 

Қуатты «бестік» алғысы келгендер электрлі түрленімін таңдайды. Әу баста бір және екі электромоторы бар екі нұсқасы шығады. Базалық нұсқасы 340 ат күшіне ие, 6 секундта жүзге дейін жалдымдық алады, жүріс қоры — 497 км. Ең қуатты BMW i5 M60 xDrive 601 ат күші мен 820 Нм береді, алғашқы жүздікті 3.8 секундта еңсереді. Екі мотормен жүретін мұндай машинаның жүрісі қоры 455 шақырым болады.

 

Бавариялық компания «бестікке» өзінің ең озық көмекші жүйелер кешенін орнатады. Ол АҚШ пен Германиядағы кей тас жолда жүргізушіге рөлді ұстамауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жүргізуші бұрылыс шамын қосудан бөлек бұрылатын жақ айнаға қарау арқылы жолақ ауыстыра алады. Жаңарған тұрақ көмекшісі 200 метрге дейінгі жүріп өткен жолды есте сақтайды.

 

Компания осы жолы топтаманың бір бөлігін ғана көрсетті. Алда топтамаға электромотормен жүретін универсал, Қытай нарығына арналған ұзын түрленімі қосылады, дәстүрлі BMW M5-тың жаңа буыны да шығуы мүмкін. Бірақ соңғысы флагмандық XM кроссовері сияқты гибрид күштік құрылыммен жабдықталатын шығар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста