АВТОВАЗ Lada X-cross 5 өндірісін бастады

АВТОВАЗ Lada X-cross 5 өндірісін бастады

«Лада Санкт-Петербург» зауыты Lada X-cross 5 кроссоверінің ірі торапты өндірісін іске қосты. Компания жыл аяғына дейін радиатор торына Lada эмблемасын жапсырған FAW Bestune T77-нің 10 мың данасын шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейде машинаны жаз аяғына қарай сатып алуға болады. Бағасы мөлшермен 2.5 млн рубль (13.5 млн теңге) болуы мүмкін.

 

АВТОВАЗ-дың қытайлық серіктесі зауытқа шанақ, күштік құрылым, аспа, газ шығару жүйесі және т.б. бөлшектер жеткізеді. Автомобиль Ресейдің VIN-нөмірімен шығады.

 

 

Lada X-cross 5 7 сатылы роботпен жұмыс істейтін, 160 ат күшіне ие 1.5 литрлік турбомотормен жүреді. Кроссовер екі комплектацияда шығады: Enjoy және Techno. FAW компаниясымен серіктес болғандықтан Lada көліктерін бейімді круиз-бақылау және 12 дюймдік аспаптар панелі сияқты бұрын болмаған опциялармен жабдықтайды.

 

 

Комплектациясы туралы толық мәлімет жоқ. Бірақ АВТОВАЗ басшысы Максим Соколов X-cross 5 бағасы опциясына байланысты 2.5 млн рубльге дейін болатынын айтқан. Бұл Ресей нарығындағы FAW Bestune T77 құнымен шамалас. Модельдің қытайлық нұсқасы да жалғасты сатылады. Қазір ең қымбат Lada Vesta NG 1.5 млн рубль тұрады. Демек жаңа кроссовер ең қымбат ВАЗ моделі атанады.

 

Алғашқы X-cross 5 суретінен шанақтағы қытайлық эмблема ауысқанымен, рөлде әлі тұрғанын байқауға болады

 

Компания кроссоверді қазірше ірі торапты әдіспен құрастырады. Сондай-ақ зауытта өзге де модельдер шығады. Соколов екінші қытайлық Lada өз елінде әлі саудаға шықпаған D класты седан болатынын айтқан, оны 2024 жылы құрастыра бастайды. 2025 жылға қарай зауыт жылына 50 мың автомобиль өндіреді, сол мақсатта 5 млрд рубль бөлініп отыр.

 

 

Бұл қаржыны дәнекерлеу және шанақ бояу сияқты қосымша желілерді дамытуға, сондай-ақ пластик деталь шығаруға жұмсайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста