АВТОВАЗ Lada Vesta шығара бастады

АВТОВАЗ Lada Vesta шығара бастады

Тольяттиде Lada Vesta NG өндірісі басталды. Концерн флагманды үш шанақпен және бір мотормен ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Уақыт өте келе мотор гаммасы мен жабдықтар тізімі толығады.

 

 

Lada Vesta NG — седан, универсал атауында SW қосымшасы болады, ал жол талғамайтын нұсқасында SW Cross деп аталады. Бастапқыда көліктер 90 ат күшіне ие 1.6 литрлік 8 клапанды мотормен жүреді. Агрегат механикалық қораппен жұмыс істейді.

 

 

Зауыт 106 ат күшін беретін 16 клапанды қозғалтқыш өндірісін бастауға ниетті. Қазір сол бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Моторды кейін «грантаға» да қоюы мүмкін.

 

Vesta NG-дің жабдықтар тізімінде жарықдиодты оптика, 17 дюймдік дискілер, ауа баптағыш, 7 дюймдік экраны бар медиажүйе бар. Алдыңғы әйнегі, айнасы мен алдыңғы орындықтары жылынады. Базалық комплектацияда қауіпсіздік жастықтары болады. Айтпақшы, «Веста» зауыт ABS орнататын «дағдарысқа қарсы» алғашқы Lada моделі атанады. Кейбір мәлімет бойынша мамандар модель үшін қытайлық Kesens маркасы жасаған жүйені бейімдеген екен.

 

 

Бірінші шыққан машиналардың шанағы ақ және қара түске боялады, бұған эмаль тапшылығы себеп болуы мүмкін. Бірақ болашақта клиенттер бес түстің бірін таңдай алады. Сонымен қатар бұл модельде цифрлы аспаптар панелі мен 9 дюймдік экран орнатылған заманға сай медиажүйе болады.

 

 

Ресми сатушылардың қор жинауына кемі екі ай кетеді, олар NG-ді мамырда сата бастайды. Бағасы да сол уақытта белгілі болады. Кәсіпорын басшылары 2023 жылы 100 мың Lada Vesta құрастыруға дайын, бірақ өндіріс көлемін нарық анықтайды.

 

Рестайлингтен өткен «веста» Қазақстанға қашан келетіні айтылмады. Бірақ біздің ел Ресей үшін «Лада» экспорттайтын басты нарықтардың бірі екенін ескерсек, көп күттірмей жететін сияқты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста