Атырауда салонға алғашқы жарнасын төлеп қойғандар көлігін ала алмай жүр

Атырауда салонға алғашқы жарнасын төлеп қойғандар көлігін ала алмай жүр

Атырауда автокөлік салонына алғашқы жарнасын төлеп келісімшартқа отырғандар көлігін ала алмай сергелдеңге түскен. Жаңа көлік аламыз деп алты ай бұрын жиған-тергенін құйғандар кімнен көмек сұрарын білмей дал, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Өйткені «Вираж» компаниясының басшылығы таңдаған көлікті бере алмаймыз, тек ақшасын қайтарамыз деп отыр. Оған утильалым мөлшерінің бекітілмеуі себеп екен.

 

Алайда бұған бұрыңғы бағамен көлік алған азаматтар келіспейді.

 

Еламан Ибрагимов алты ай бұрын осы салоннан Газель көлігін таңдап, алғашқы жарнасын төлеп кеткен. Келісімшартқа да қол қойыпты. Су жаңа машинсын асыға күтіп жүрген азаматтың көңілін компаниядан келген хабарлама күпті еткен.

 

Еламан Ибрагимов, Атырау қаласының тұрғыны:

 

- Алты ай бұрын курс төмен болды. Сол кезде маған Газелді ұсынды. Келісімшарт жасадым. Көлік келіп тұр. Кузов нөмірін, бәрін фотоға түсіргем. Енді маған кеше «утильалым төлей алмай жатырмыз, ақшаны қайтарамыз» деді. Келіспеймін деп жазып бердім сол жерде, маған ақша керек емес, көлігімді бере қойыңыздар дедім.

 

Еламан сынды оннан астам жүргізуші ақшасын қайтарып алудан бас тартқан. Себебі: жарты жыл бұрын көліктер арзан бағада сатылған. Төзімі таусылған жігіттер қазір біз келіскен соммаға Газель тұрмақ, жеңіл көлік алудың өзі мұң екенін айтады.

 

Ержан Ысмағұлов, Атырау қаласының тұрғыны:

 

- Қазан айының аяғында алғашқы жарнасын төледім. Бірақ ол қазір ақша болмай қалды ғой.  Мен 7,5 млнға келісіп қойдым. Бізге «жоқ» дейді де, ертең елге 15 миллионға сатады. Келіп тұрған Газельді қайта шашуға жібермейді ғой. Келіп тұрған кісілерге беру керек, сол бағасына. Келісімшарт бар.  

 

Автосалон басшылығы кінәні өздерінен емес, өзгеден іздеуге тырысты. Олар «Жасыл Даму» компаниясы утильалымның мөлшерін әлі бекітпегенін жеткізді. Соның салдарынан көліктерді тіркей алмадық деп ақталуда.

 

Владимир Котельников,«Вираж» ЖШС бас директоры:

 

- «Жасыл Даму» утильалым мөлшерін әлі бекітпеді. Екң бұрын мехнизмін дайындауы керек еді, енді мамырға дейін созып отыр. Сондықтан біз көлікті тіркеуге бере алмай отырмыз. Енді жүргізушілер бізді сотқа беріп ақшасын қайтарып ала алады. Немесе көліктің келетін күнін күтеміз деген қолхат жазып беруі керек. Бұл біздің емес, мемлекеттік мекеменің кінәсі.

 

Алайда бұл сөзді жаңа жылдан бері утильалыммен айналысуды бастаған компания теріске шығарды. «Жасыл Дамудың» өкілдері автокөлік салоны жауапкершіліктен қашып отыр деген пікірде. Себебі, машина сататын өзге компанияларда мұндай қиындық болмаған көрінеді. 

 

Талғат Маханов, «Жасыл Даму» АҚ бөлім басшысы:

 

- Кейбір автокөлік салоны өз мойнындағы міндеттерді үшінші тарапқа арту арқылы сылтауратып уақыт оздырғысы келетін сияқты. Халықтың ақшасын алған соң, олар көлікті әкеліп беруге міндетті. Бұл жерде «Жасыл Дамуға» байланысты әрбір автосалонның жасалған келісімшарттары бар. Ол негізде әрі де жұмыс істеле береді. Бұл келісімшарт салондар мен тұтынушылар арасындағы келісімге ешқандай кедергі болмауы керек. 

 

«Ұзақ күткеніміз үшін компания өтемақы төлесін» деген бір топ  жүргізуші прокуратураға арызданамыз деп тарқасты. Тараптар енді істің ақ-қарасын сотта шешпек.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста