4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары қашан жарияланатыны белгілі болды

4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары қашан жарияланатыны белгілі болды

4 пайыздық автонесие туралы жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше министр айлығы жоғары адамдарға жеңілдетілген автонесие берілмеуі мүмкін екенін айтқан еді.

«Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмайтындай етіп жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейтін боламыз. Бұл бағдарламаны одан әрі жетілдірумен байланысты. Жаңа талаптар 15 мамырға дейін жұртшылыққа жарияланады», - деп жауап берді министр Мәжіліс кулуарында тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, министр бағдарламаға қатысу үшін міндетті бастапқы жарна туралы айтып берді.

«Қазір бізде Ұлттық банктің базалық ставкасы - 16%, сондықтан автонесиелеудің 4% жақсы пайыздық мөлшерлеме деп санаймын. Сондықтан, бұл бағдарлама өте табысты жүріп жатыр», - деп толықтырды ИИДМ басшысы.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста