Сұрақ: Ескі 2002 жылғы ваз 2107 көлігімді тапсырсам. Бағасы қанша болады екен?
Жауап: М1 санаттағы яғни жеңіл автокөліктерге берілетін өтемақы мөлшері біркелкі. Атап айтқанда 210 024 теңге (72 АЕК толық жиынтық). Толық емес жинытқтағы жеңіл көліктер 157 018 теңгеге (54 АЕК) бағаланады. Тозығы жеткен көлік құралын немесе аграрлық техниканы жоюға тапсыру үшін меншік иесі recycle.kz сайтында электрондық кезекті брондауды жүзеге асыруы қажет. Брондау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда немесе кеңес алу үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласуға болады +7 707 772 79 62.