Басты жол солға бағытталса, тіке жүргенде оң жақ бұрылыс сигналын қосу керек пе?

Әлеуметтік желіде бір пайдаланушы «негізгі жол бағытын өзгерткен кезде тіке жүру үшін бұрылыс сигналын қосу қажет пе?» деген сұрақ қойды. Постқа қазірше 79 пікір жазылған, олардың арасында қисынсыз жауап көп деп хабарлайды kolesa.kz.

 

Сандырақ

 

Бірнеше пайдаланушы бұрылыс сигналын қосу керек екенін жазды, себебі ол жерде басымдық беретін белгі бар, ал жүргізуші басты жолдан қосалқы жолға ауысады дейді. Тағы біреулер жүргізуші басты жолмен жалғасты жүрмейтінін білдіру үшін бұрылыс сигналын қосу қажет деп жазды.

Бір адам Өскеменде дәл осындай қиылыс бар екенін, полиция айыппұл салмау үшін жүргізушілер тіке жүргенде оң жақ бұрылыс сигналын қосатынын айтты.

Пайдаланушылардың бірі тіпті мүлде қисынсыз пікір жазды: «тіке жүргенде қалай болатынын білмеймін, бірақ оңға бұрылғанда сол жақ бұрылыс сигналын қосу керек, өйткені басты жол солға қарай кетеді».

 

 

Мұны троллинг деп қарауға болатын шығар, бірақ онда ҚР жол ережесіне сай келмейтін қате жауаптар жазылып, талқыға түсті.

 

Сонымен, мұндай жағдайда бұрылыс сигналын қосу қажет пе?

 

Анығы

 

ҚР ЖҚЕ 8.1 тармағы: жүргізуші маневр жасауды бастамас бұрын тиісті жарық көрсеткіштерімен сигнал беруі керек.

 

Маневр деген не?

 

Маневр жасау — қозғалысты бастау, тоқтау, бұрылу (кері айналу), жолақ ауыстыру, тежеу және артқа жүру.

 

 

Жүргізуші тіке жүріп келе жаста, маневр болмайды және бұрылыс сигналын қосудың қажеті жоқ. Қиылыста қандай жол белгісінің орнатылғаны және басты жолдың қай бағытқа кететіні маңызды емес.

 

Алматыдағы Марков — Ғабдуллин (суретте) қиылысы осыған ұқсайды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста