Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ғылыми-сарапшылық топтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы болды.
Жиынды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Төрешова Ләйлә Бегалықызы жүргізіп отырды.
Келелі басқосуға жиналғандар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауынан түйген ойларын, пікірлерін ортаға салды.
Кеңейтілген отырыста Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жастар денсаулық орталығы» КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалмақова Жанар Амангелдіқызы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлттық «Үздік ұстаз-2017» байқауының жеңімпазы Әлденова Сәуле Амангелдіқызы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, саяси ғылымдардың кандидаты Сахиев Сәулет Ерназарұлы Жолдаудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестік өкілдері, ҒСТ өкілдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҚХА кафедрасының меңгеруші-оқытушылары, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері Жолдау туралы ойларын ортаға салды.
Осы ретте Қызылорда облысындағы әртүрлі ұлт өкілдерінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына білдірген пікірлерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Владимир Толоконников, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы: – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын өте ықыласпен тыңдадам. Жолдауда республика азаматтарының өмірін және әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет алдына қойылған нақты міндеттер көрсетілген. Президентіміз мемлекетіміздің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын тұрақты түрде арттыру және қазақстандықтардың өмір сапасына жақсарту екеніне ерекше тоқталды.
Бұл жолғы Жолдауда денсаулық сақтау, өмір сүру ұзақтығы, экология, азық-түлік сапасы, еңбек жағдайлары, мүгедектер үшін жағдай жасау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және т.б. көптеген маңызды мәселелер қамтылды. Инфрақұрылымға, жол құрылысына көп көңіл бөлінетіні айтылды. Ең төменгі жалақы күңкөрістің төменгі деңгейіне байланысты болмайтынына және келесі жылы ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсетініне қуаныштымын.
Қазақстанның әрбір азаматы бай, экономикалық тұрғыдан күшті, гүлденген елде өмір сүргісі келеді. Тек достық пен келісім салтанат құрған мемлекетте ғана осылай болады. Елбасымыз құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі қазақстандық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосады. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде Президенттің Жолдауында айтылған бастамаларды толығымен қолдаймын.
Татьяна Валерьевна Акулова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі: – Озық отыз елдің қатарына қосылу барша қазақстандықтардың ортақ мүддесі. Сондықтан, Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына қолдау көрсетіп, артылған міндетке жауапкершілікпен қарау біздер үшін үлкен мәртебе. Биылғы Жолдаудың маңыздылығы халықтың әлеуметтік деңгейінің артып, сапалы өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ең алдымен жалақы деңгейін көтеру қарастырылған. Келер жыл Жастар жылы болуы біздерді қуантты. Себебі Тәуелсіз мемлекеттің келешек тірегі бүгінгі жастар, сондықтан Елбасы жүктеген тапсырмаларды тиянақты орындап, елдің өркендеуі жолында бірлесе қызмет ете білуіміз абзал.
«Жастар жылында» қандай мүмкіншіліктер туындап отыр? Осыған тоқталайық. Ең алдымен, қазір көбіне бизнеске ынталы азаматтардың еңсесін тіктеуге басымдық берілуде. Мәселен, құнды құжатта Елбасы бизнесті қолдау үшін жыл сайын 30 млрд. теңге бөлінетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде жаңа кәсіп көздерін ашып, кәсіпкерлікке ынталы жастардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнес ашуға ниетті тұрғындардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Шыны керек. бүгінде Жаңақорған дамудың тетігін тапқан аудан. Әсіресе, жас буынның талпынысы көрініп келеді. Мәселен, баршаға белгілі «Zhas Project» жобасы бойынша Жаңақорған облыс бойынша үздік аудан атанып, 68 жоба жеңіп алды. Бұл да Мемлекет басшысының қолдауынан қуат алып, өркендеу жолын іздеген жастардың табандылығын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, қазақ елі өзге ұлтты өзегінен теппей, қайта бауырына басып, бауырындай көріп келеді. Сондықтан, біздер бір шаңырақ астында тұрып жатқан бауырмал ел ретінде Президент тапсырған міндетті межесіне жеткізе білуіміз парыз...
Альфия Минсагитовна Кадирова, «Ұлт бірлігі» этнобағыттағы қоғамдық бірлестігінің мүшесі: – Үстіміздегі жылдың 5 қазанында Елбасымыз Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жариялады. Қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екенін ерекше атап өтті. Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.
Мәселен, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі тарқатты. Қалай болғанда да, қоғамдық жүйе де, қарапайым халық та бір серпіліп қалды. Бізді, мұғалімдер қауымын ерекше қуантатыны, Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақыны көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы. Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар.
Президенттің әр тұжырымы, әрбір тапсырмасы біздің көкейімізден шықты. Бұл Жолдау – Қазақстанды одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы. Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру.
Жұма Нафиса Тайырқызы, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Қазалы аудандық «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігінің төрайымы: – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 05 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табыс пен тұрмыс сапасын арттыруына, білім, ғылым мен медицинаға ерекше назар аударылатындығын жеткізді. Қазалы ауданындағы «Бірлік-Единство» ЭМҚК бірлестік мүшелері Елбасының жолдауын аса зор зейін қойып тыңдады. Қазалы ауданын мекендеген өзге ұлт өкілдері әртүрлі салаларда еңбек еткендіктен, жолдау барлығының ойынан шықты. Әсіресе, «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасы бірлестіктегі ұстаздарды қуанышқа бөледі. Президент мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау қажеттігін айтты. Жолдау әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашағына сенімді, азаматтық мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдірді. Ол үшін өз бойымызда және өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе екенін алға тартты.
«Халқы тату-тәтті, саясаты салиқалы елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады», демекші, Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз. Оның әрбір жетістігі үшін барлығымыз бір кісідей қуанатынымыз да сондықтан. Келешегіміз баянды, ұрпақтарымыз несібелі болсын!
Хава Вахидовна Хожуева, №33 орта мектеп жанындағы «Тілашар» шағын, орталығы тәрбиешісінің көмекшісі: – Жолдау-жарқын болашақтың кепілі. Елбасы Н. Ә Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы көтерілген мәселелер халықтың әлеуметтік–экономикалық дамуын көздейді. Әсіресе, қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге арналғандығы көңілімізге үлкен қуаныш пен үміт сыйлады. Жолдаудағы ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтуді тапсырғаны және қалалардағы тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуді жүктегені мені ерекше қуантты. Халықтың дені сау болуы үшін тамақ пен дәрі-дәрмектің қол жетімді болуына, мән беруі жарқын болашағымыздың кепілі деп түсінемін.
Евгении Александрович Курбатов, Арал ауданындағы №20 жасөсіпірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы: – Елбасы кезекті Жолдауында мұғалім еңбегін жоғары бағалап, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатынын айтты.
Мұғалім мәртебесін арттыру – адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі – көңіл қуантады. Бұл тұрғыда мұғалімдер де озық технологияны меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отыруы қажет. Елбасымыздың Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көбейтетіндігіне қуаныштымыз. Бұл жаңалықтар жұмысқа деген бір серпін бергендей болып, жауапкершілігімізді арттыра түсті.
Валерия Фролова, бірінші курс студенті, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Қызылорда облысындағы мүшесі: – Президентіміздің білім сапасын түбегейлі жақсарту қажетілігі жөнінде айтқан сөздері маған қатты әсер етті. Жақын арада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістемесі елдегі барлық мемлекеттік мектептер үшін бірдей болады. Қазақстанда мектеп бітірушілеріге бөлінетін гранттар саны да көбейеді.
Бірінші курс студенті ретінде мен Президентіміздің Жолдауында университет студенттері үшін сапа талаптарын жоғарылатуға көп көңіл бөлінгеніне өте қуандым. Жоғары оқу орнының табыстылығының негізгі критерийі оқу орынын бітірушілердің жұмысқа орналасуы болуы керек.
Тағы бір қуантарлық жағдай Мемлекет басшысы келесі жылды Жастар жылы деп жариялады.
Жолдауда өте маңызды міндеттер айтылды. Олардың бәрі оң өзгерістерге бағытталған және біз осы өзгерістерге әрқашан да атсалысуға тиіспіз.
Ханум Арифова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті: – Мен, М.Мәметова атындағы Жоғары педагогикалық колледждің IV курс студентімін, болашақта оқу орының бітіргенен кейін бастауыш сыныптың мұғалімі боламын.
Мұғалімнің жұмысы оңай емес, бірақ өте маңызды. Мұғалім тек білім беріп қана қоймайды, мұғалім еліміздің болашағын тәрбиелейді.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мұғалімдердің ізгі ісін жоғары бағалады. Келесі жылдан бастап «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатын болды. Бұл заң қазақстандық мұғалімдерге қоғамдағы өз орнын табуға көмектеседі. Заң мұғалімдерді көптеген кәсіби емес міндеттерден қорғайды. Міне осынының арқасында мұғалімдер өзінің шығармашылығына, оқуға, сабаққа дайындық сапасын артыруға көп уақыт бөлуге мүмкіндік алады. Бұл өз ретінде студенттердің жақсы білім алуына ықпал етеді. Болашақ мұғалім ретінде, мұғалімдердің өміріндегі осындай өзгерістерге ризамын.
Эдвард Любимов, №198 орта мектептің 10-сынып оқушысы: – Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір Жолдауы маңызды саяси оқиға болып табылады. Осы жолы да барлық қазақстандықтар Президентіміздің сөзін мұқият тыңдады.
Мен де Жолдауды зор ықласпен тындадым. Ең бастысы, Президентіміз ғылым мен білім мәселелеріне баса назар аударғаны ұнады. Елбасымыз барлық орта мектептер үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірыңғай стандарттын қалыптастырудың жүйесі мен әдіснамасын ұсынды.
Болашақ мектеп бітірушісі ретінде білім беру гранттарының саны көбейетінін білу мен үшін өте маңызды.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша келесі жылы «Жастар жылы» болады. Сондықтан да келесі жылы жастарды қолдау жылы болады деп үміттенемін.
Нұрлы Еділов