Халықтың бұлбұл үнді әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтеді

Биыл Халық қаһарманы, Қазақстанның Халық әртісі, таңдайына бұлбұл ұя салған біртуар әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл! Осы мерейтойға орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Айналайын, халқымнан еркелеткен" атты концерт ұйымдастырылуда.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әнімен сарбаздарға рух берген, қазақ ән өнерінің тұтас бір дәуірін қалыптастырған Роза Тәжібайқызының 100 жылдық мерейтойына орай өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген іс шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде. Осы орайда аталмыш іс шара солардың басы болмақ.

Сахна сандуғашы 1922 жылы, қаңтардың 1-і күні Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Өнер жолын  Ташкент филармониясының ән-би   ансамблінде бастаған. Сол ансамбльмен ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсеткен. Роза Бағланова майдан шебінде қойған концерттерінің құрметіне "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен екі мәрте марапатталған. Марапатты атақты әскери қолбасшылар  К.К. Рокоссовский мен И.С.Коневтердің өздері табыстаған. Сахнадан бастап, соғыс даласына дейін әніне бөлеген  күміс көмей әнші 1945 жылы 9-мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. Кейін өнерін бейбіт күнде жалғап, 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан  Қазақконцерттің әншісі болды. Тұтас қазақ өнерінің қалыптасуына ықпал етіп, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты.

Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының атап айтар болсақ венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б әндерін нақышына келтіре орындаған.

1946 жылы  Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілері байқауының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен   Жастар мен студенттердің ІІ Бүкіл дүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, "Халықтар достығы" ордендерімен, "Шапағат" медалімен және көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері аталған. 1996 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды. 

Аңыз әнші, Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт Нұр-Сұлтан қаласы, "Бейбітшілік және келісім сарайында" 13-наурыз күні сағат 18:00-де өтеді деп күтілуде. Әншінің әнін сағынған тыңдарман осы күні жоғарыда көрсетілген мекен жайды бетке алса болғаны. 

Ерзия Ерсұңқар 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста