Рәміз - көнеден қалған қасиетті нышан
Мемелкеттік ту, елтаңба және әнұран - елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендіктің белгілері, Қазақстан мемлекеттілігінің басты нысандары мен эталондары.
Мемлекеттік рәміздердің тарихы көне заманнан, адамдар топтасып өмір сүруге, бірігуге ұмтылған кезден бастау алады. Көнелерінің бірі - тотем белгілері. Сан ғасырлар бұрын адамдар тайпаларға, руларға біріге бастағанда олардың өздерінің дәстүрлері мен сенімдері қалыптаса бастағанда өздерінің ерекшелік нышандары қалыптасты. Сол кезде оларды бір бірінен ерекшелейтін рәміздері пайда болды. Мысалы, скифтердің көне тайпаларының тулары болған екен. Формасы жағынан айдаһарды еске салатын ұзын қап секілді еді. Кейіннен билеушілер мен атақты адамдардың байрақтары пайда болды. Орта ғасырлық Еуропада графтар, герцоктар мен корольдерді айтпағанда әр серінің өз байрағы болды. Қазақ хандары Есім, Қасым, Керей, Жәнібек, Абылай, Әбілқайырдың да өз байрақтары болған.
Біздің мемлекеттік рәміздеріміздің бекітілуінің өз саяси тарихы бар. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының туы туралы, Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы Заңдарға қол қойды. 6 маусымда Президент резиденциясының және жоғарғы кеңестің ғимаратының үстінде мемлекеттік ту көтеріліп, елтаңба орнатты. Тура осы күні Алматы Опера жіне балет театрының ғимаратында олардың тұсаукесер салтанатты рәсімі өтті. Араға алты ай салып, 1992 жылы 11 желтоқсанда мемлекеттік әнұранның да мәтіні бекітілді. 2007 жылы 4 маусымда ел тәуелсіздігінің он бес жылдығына орай президент бұл күнді Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні деп жариялады.
Республиканың мемлекеттік рәміздерін жасау шын мәнінде халықтық процесс болды. Туымыздың дизайнын жасау байқауына Қазақстаннан, ТМД елдерінен, Түркиядан, Моңғолиядан алты жүздей ізденуші қатысты. Ал елтаңбаны жасаудың қорытынды қарауына 245 жоба мен 65 сипаттама ұсынылды. Конкурсқа қатысушылар арасында түрлі мамандық иелері және әлеуметтік мәртебелі адамдар, дәрігерлер, мұғалімдер, тарихшылар, жазушылар суретшілер және министрлер болды. Бұл таңғалатын дүние емес. Мысалы, АҚШ мемлекеттік туының эскизін қарапайым ұстаның әйелі, үй шаруасындағы әйел әзірлеген.
Ту сөзінің голландтық тегі бар және «корабль байрағы» деген мағынан білдіреді. Ең көне ту біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдыққа жатады. Ол 1975 жылы Иранның шығысында Керманнан табылған. Оның жасы шамамен бес мың жылдан асады. Көне тудың мөлшері 23х23. Бүркіт, екі арыстан, өгіз, құдай әйел және үш қарапайым әйел бейнеленген металл конструкциясы.
Қазақстанның мемлекеттік туы біздің мемлекеттігіміздің басты нышандарының бірі. Ұзындығы екі метр, ені бер метір, ортасында отыз екі шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті тік бұрышты мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде гақышталған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы ианымал суретші Еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
«Мен үшін ең бастысы, маңыздысы тудың түсін таңдау болды. Мен көгілдір түсті таңдадым. Біздің мемлекетіміздің көпұлтты екенін, мұнда өмір сүріп жатқан халықтың теңқұқылы екенін ескеріп, аспан түсін таңдадым. Өйткені аспан, аспан асты бөлінбейді, ол баршаға ортақ. Күнсіз көгілдір аспан бола ма. Күнді салдым. Енді Қазақстан қандай болу керек деген сұрақ туындады. Қыранға тоқтадым. Тұңғыш рет өзінің тәуелсіздігін алған республика әлемде жоғары деңгейге көтерілді. Оны еркін бостандықтың символы тәрізді қанатын кеңге жайып қалықтаған қыран бюейнесінде бердім. Біздің Туымыз көптеген елдерде өзге мемлекеттік тулармен қатар Біріккен ұлттар ұйымында желбіреген кезде, «Бұлардың ішінде қазақстандық ту қайсысы» деп сұрауы мүмкін. Сол себепті мен тудың сабының тұсына ұлттық өрнекті нақыштадым», - деген еді автор. Ол осы тудың дизайнын жасауға жарты жыл уақыт жұмсап, бүкіл әлемнің туларын зерделеп шықты. Қазақстанға өзіндік бірегей нұсқа қажет еді.
Алтын шұғылалы күн, қалықтаған қыран және ұлттық өрнек бейнеленген көгілдір мата бүгінгі күні елдегі әкімшілік ғимараттарына көрік беріп, тәуелсіз Қазақстанның шетелдік мемлекеттерінің елшілік ғимараттарының үстінде желбірап тұр. Ол БҰҰ ғимаратының жанында да орналасқан. Біздің ту Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерімен бірге ғарышқа да ұшты. Сондай-ақ тұңғыш рет жер шарын айналған теңіздік саяхат барысында да бүкіл әлемді айналып шықты. Қазақстанның жетекші альпинистері оны әлемнің ең биік шыңдарына, тіпті Антарктидаға, планетаның ең оңтүстік нүктесіне де тікті. Барлық жерде де біздің туымыз еркіндіктің, тәуелсіздіктің егемендіктің нышаны ретінде қабылданады.
А.Нұрсабет