Астана қаласының Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация Кеңесінің төрағасы Б. Әбдірайымның төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация Кеңесінің отырысы өткізілді.
Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдары, Астана каласының этномәдени бірлестіктері, қоғамдық келісім Кеңесі, аналар Кенесі, ғылыми-эксперт комиссияның өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторларының өкілдері қатысты.
Консультациялық кеңестің отырысы Астанадағы Медиация институтының даму жағдайы мен келешегін талқылады, медиация институтының қызметін үйлестіріу, қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі қоғамдық медиатордың рөлін, медиация дауларды шешудің әлеуметтік құралы ретінде, Астанадағы этномәдени бірлестіктердегі қоғамдық медиация институтының алдағы жұмысын және көптеген басқа сұрақтар қарастырылды. Алдағы уақытта медиация кеңесі жұмыстарын одан әрі дамыту мәселесіне мамандар айрықша тоқталды.
Еркенұр Ерзия