Қоғамдық келісім – жаңғырудың негізі

Қазақстандағы көп этносты қо­ғам үшін әлемде кездесетін мә­де­ниеттің, тілдің, дәстүрдің өзгеше­лігін ескере отырып, алуан түрлі­лікке негізделген стра­­тегияға бетбұру өте маңызды бо­лып табылады. Қазіргі таңда «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасының осы және өз­ге де бағыттары Қазақстан хал­­қы Ассам­б­леясы қызметі аясында орын­­далып жатыр.

Ең басты­сы, Қазақ­станның бүкіл тұр­ғындарын, әсіресе ауылдық жер­лерді қамтитын инс­титуттық механизмдер тиім­ді жұмыс істеуде. Солардың ал­дың­­ғы қатарында ҚХА-ның Қоғам­дық келісім мен Аналар кеңестері тұр. Қазіргі таңда барша әкімшілік-аумақтық деңгейде 2978 қоғамдық келісім кеңесі қызмет етеді. 2017 жылғы 9 айдың ішінде 6019 нақ­ты мәселе шешімін тауып, мем­лекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарына 1635 ұсы­ныс жіберілген болатын. Со­ның 1381-і шешімін тапты. Толеранттылық мәселелері жө­­­нін­­­дегі Аналар кеңесінің са­ны 2141-ге жетті. Солардың құра­­мында 10 мың­нан астам бел­сен­ділер бар. Жал­пы, Аналар кеңесі жұмысы 350 мың адамды қам­тыды. Қоғамдық келісім мен Аналар кеңестерінің белсенділігі және дамуы үшінші жаңғырту бары­сында олардың маңызды фак­торға айналатынын, азаматтар­дың қатысынсыз қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін еместігін көрсетеді. «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасын орындау барысын­да Ассамблея әр аймақта дербес жоспар жасады. Қазіргі таңда 593 жоба орындалу кезеңінде тұр. Бұлар Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша бүкілхалықтық жол картасы саналады. Бұдан бөлек, ҚХА-ның өңір­лік бөлім­шелері 1144 жоба­ның орындалуы­на атсалысып, бағдарламаның бүкіл бағытын қамтыған. Соның ішінде Ассам­блеяда 76 жоба дербес орындалып, ҚХА-ның 94 мү­ше­сі жергілікті жоспарларды бас­қарып отыр. Орындаушы ретінде Ассамблея мен этномә­дени бірлестіктің 12 626 өкілі қыз­мет етеді. Сондай-ақ 116 адам жобаларды орындау бо­йын­ша сарапшы міндетін атқара­ды. Қазақстан қоғамы санасын жа­ңа­ша қалыптастырудың ма­ңыз­ды жобаларының бірі – «100 жаңа есім» жобасы болды. Онда өз таланты, еңбегі мен білімі арқы­лы табысқа жеткен отандас­тары­­мыз­дың жетістік жылнамасы жа­зыл­ған. Дәл осы азаматтар ар­қылы еліміз қоғамдық сананы жаң­ғыр­туға арналған бәсекеге қабі­лет­тілік, прагматизм, ұлттық кодты сақтау, білімге иек арту, әрда­йым эволюциялық дамуға талпыну, сананың ашықтығы секілді негіз­гі қасиеттерді көре білді. Ендігі жерде олардың тәжірибесі барша қазақ­стандықтар үшін үлгі болуы тиіс. Осы орайда Қазақстан халқы Ассам­блеясы 2018 жылға арнап оған қа­т­ысу­шыларды қоғамда насихаттау мақсатында 11 арнайы жоба әзірледі. Әлбетте, азаматтық әлем, әлеу­меттік ынтымақтастық пен жауап­кершіліксіз қоғамдық келісім­ді елестету мүмкін емес.

Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сы аясында Қазақстан халқы Ассам­б­леясы қайырымдылық шараларын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл қадамның нәтижесін Қазақстан қайырымдылық көр­сету­шілердің III съезі көрсетіп берді. Онда Ассамблея ұйымдас­тырған «Қайырымдылық керуені» республикалық акция­сы­ның нәти­жесі, «Туған жер» бағ­дар­лама­сын орындау және қайы­рым­дылық шараларын дамыту мәсе­лелеріндегі маңызды сұрақтар талқыланды. Осы бағытта 2017 жылы 11 мың­ға жуық қайырымдылық шаралары, акциялар өтіп, аз қам­тыл­ған отбасыларға, қарт кісілер мен балалар үйіне көмек көрсетілді. Осы аралықта 529 мыңнан астам адамға қайырымдылық көмек кө­рсетіліп, 18427 ұйым мен меке­ме­ге жалпы сомасы 4,2 миллиард теңге болатын қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар съезд кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйым­дастырған, еліміз тарихында тұңғыш рет «Жомарт жан» мем­лекет­тік белгісі тағайындалып, сал­та­натты түрде өз иелеріне табыс етілді. Бұл белгі азаматтардың ме­це­нат­тық және қайырымдылық шара­лары кезіндегі еңбегін қоғам­ның бағалауын көрсетеді. Жалпы, «Жомарт жан» белгісі 29 адамға бұйырды. «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын орындаудың алғашқы жылы қазақстандық жаңғыру мен қоғамдық келісім арасындағы тығыз байланыс анық байқалды. Осы орайда, алға қойылған мақ­­­сат­тың қиындығына, кенет кез­де­сетін кедергілерге қарамастан мақ­сат­қа қол жеткізетінімізді то­лық сенім­мен айта аламыз. Өйт­кені үшін­ші жаңғырту, конс­­ти­туциялық рефор­ма және «Руха­ни жаң­ғыру» бағдар­ламасы рефор­маның дербес ба­ғыт­тары емес, Елбасы Н.Назарбаев белгілеп бер­­­ген жалпы бір бағыт­тың түрлі са­ла­лары болып саналады.  

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста