Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған көрме өтті

Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған көрме өтті

Биыл еліміздің Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл! Атаулы күнге орай Ұлттық мұражайда  «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» көрмесінің ашылуы өтті. Аталмыш шарада Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов "бұл көрмені өткізудегі басты мақсат қазақ халқының рухани мұрасын, ұлттық сана сезімін, патриоттық тәрбиесін қалыптастыру" екенін атап өтіп, осы жылдардағы Қарулы күштеріміздің даму жолына қатысты ойымен бөлісті. Шын мәнінде ұлттық рухты көтерер, патриоттық сезімді қалыптастырар Ұлттық мұражайдың бұл шарасының орны бөлек екені анық.

Көрменің ашылуы Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдағы жетістігі көрсетілген видеороикпен басталды. Атап өтер жайт, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде еліміз бейбіт күн кешуде. Тек дамудың даңғыл жолына түсіп, көршілердің ешқайсымен қырғиқабақ әрекетке бармай күн кешкен еліміз алдағы уақытта да осы ұстанымды қалайды. Бұл - қазақ халқы рухының мықтылығы мен бейбіт өмір сүйгіштінің, сындарлы саясат ұстануының арқасы екені сөзсіз. Көрменің ашылуында сөз алған Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина биыл Қарулы күштер үшін тарихи дата екенін атап өтіп, "1992 жылы құрылған Қарулы күштер еліміздің тұрақтылығы мен елдігіміздің кепілі екені баршамызға аян. Өз өмірін Отан қорғауға арнаған адал азаматтарымыз ерекше құрметке ие. Оларға халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір астындағы күндеріміз үшін ризашылығымды білдіремін, - деді.

Мұражайға келушілердің рухын көтеріп, Қарулы күштердің айбынын асқақтатып, әскеріміздің жауынгерлік даярлығы, еліміздің қорғаныс қабілетін көрсетер деректер көрменің көпшілікке берері мол екенін аңғартты. Шара барысында ҚР Президенті Мұрағатының авторлық ұжымы және ҚР Қорғаныс Министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері. 1991-2001: құжаттар мен материалдар жинағы» кітабының да таныстырылымы өтіп, оқырмандар назарына ұсынылды.

30 жылдық атаулы күн қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 30 жылы ішінде әрдайым еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлді. Айбынды Қарулы күштеріміздің мерейі арта бергей!

Ерзия Ерсұңқар 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста