Патриотизм ең алдымен елге қызмет

  • 33
Патриотизм ең алдымен елге қызмет

Патриоттық ерекше қасиет. Бұл кез келген азаматтың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі. Халықтың бойындағы күш-қуаты мен білімін ел игілігі үшін жұмсауға тырысуының жөні бөлек. Әсіресе бүгінгі күні жас ұрпақтың бойына патритоттықты сіңірудің маңызы зор болып отыр.  Сондықтан осы бағытта көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Мәсеен туған жерге арналған әндер байқауы немесе қала күніне арналған түрлі жыр байқаулары жас ұрпақтың санасына оң ықпал етері анық.

Осы орайда атап өтер жайт, бүгінде ел халқының 19,8 пайызы – ­жастар. Ел дамуы жолында жастардың потенциалын, күш қуатын пайдалана алсақ ел көркейе бермек. Әлеуметтанушы Қасым Әйтен "Бұрын балалар мен өскенде космонавт немесе Президент боламын. Сөйтіп еліме қызмет етемін дегенді жиі айтатын. Ал қазіргі балалардың болашақ жайлы әңгімелері көбінесе жеке өзіне қатысты болып келеді. Сондықтан балалар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға қазірден бастап тырысуымыз қажет. Балалардың арманын ел болашағымен байланыстыруына мән беру қажет. Балалар қазақша сөйлемесе олардан патриоттық күте қою мүмкін емес. Сондықтан балалардың тілінің қазақша шығуына мән беру қажет» дейді. Осы орайда атап өтер жайт соңғы кездері еліміздегі қазақ тілді мектептер саны айтарлықтай өсіп келеді. Жемқорлардан тәркіленген қаржыны да мектептер салуға бағыттау көзделіп отыр. Демек бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр деуге болады.

Осы орайда анықтап алар бір мәселе патриоттық ана тілін білуімен де шектелмейтін секілді, өзге тілде сөйлеп ақ елімізді таныту,а үлес қосып, ұлттық мәдениетімізге ұшан теңіз қызмет етіп жүрген жастар жетерлік.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев патриоттық жобаларды қолдайтынын айтып, "Мен барлық ұсыныстармен қатар "Біздің елдің тарихы" Tik Tok жобасын да қолдаймын. Бұл жақсы жоба. Қазіргі уақытта жастардың көпшілігі TikTok пен Instagram секілді желілерде көп уақыттарын өткізеді бұл өмір шындығы. Біз де жастармен бір толқында болып, балалардың көңіл-күйіне, мәдениеті мен тәрбиесіне оң әсер етейік", - деген болатын. Яғни жастардың өз тілінде әсер етіп, сол арқылы патриоттықты күшейуге тырысу оң шешім деуге болады.  

Осы орайда атап өтер жайт Ел Президенті патриоттық туралы Жолдауларында да жиі айтады. Соңғы Жолдауда жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жайы көп айтылды. Осыған кеңірек тоқталатын болсақ, дәл қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесі бұрынғыдан гөрі өткір болып тұрғандай. Себебі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолына мемлекет басшылары да ерекше ықылас танытып, көңіл бөліп отырғаны анық. Жолдаудың жетінші тармағында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» екені айтылып, «Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше атап өтті.

            Егер қазақы патриотизмнің қайнар көзін бажайласақ, біздің ұлтқа ол ешқашан жат болмағанына, қайта бесіктегі сәттен бастап ұлттық тәрбиемен бірге бойға дарығанына көз жеткізуге болады. Бағзы ата-бабаларымыз Отанды қорғауда жан-тәнін аямай, патриотизмнің ең озық үлгісін көрсеткен. Себебі, ол табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген сезім болатын. Қазыбек би: «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады», – деген. Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы халқымызды жігерлендіріп, қанына сіңген қасиетке айналған. Біз әлі де осы қасиеттен ажыраған жоқпыз. Алайда ендігі мәселе ұлттық патриотизм үлгісін жаңа қазақстандық патриотизммен ұштастыру, басқа ұлттарға өзіміздің елімізді, жерімізді, ұлтымызды, мемлекетімізді сыйлауына жол, бағыт көрсету болмақ. Бұл, әрине, құптарлық мәселе.

            Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. 

            Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.

            Тұтастай алғанда қарапайым халық патриоттықты ұлтын сүюмен байланыстырады. Ал оның астарында көптеген алғышарттары жатқанын біреу білсе, біреу біле бермейтін шығар. Шын мәнінде, ол тек ұлтын сүюмен шектелмейтіні белгілі.

Ерсұңқар Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 193
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 240
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста