Отаншылдық рух – ұлтты ұйыстырып, халықты біріктіретін ұлы күш

Отаншылдық рух – ұлтты ұйыстырып, халықты біріктіретін ұлы күш

Отан ана, атамекен, туған жер деген сөздер халқымыз үшін ең қасиетті ұғымды білдіреді. Осы сәтте адам бойындағы отаншылдық рух, патриоттық сезім  деген қандай болуы керек деген сауал еркісіз ойымызға оралатыны анық. Отанына, еліне, жеріне, отбасына, мемлекеттік рәміздеріне сүйіспеншілікпен қарау, адал еңбек ету, арлы азамат болу кемелдіктің белгісі деуге болады. Адамның Отанға деген сүйіспеншілігін тек анасына деген махаббатпен, әкесіне деген құрметпен ғана салыстыруға болады. Отан дегенде жүрегі елжірмейтін адам кем-кемде кем шығар. Адамға ең қымбат бұл сөздер халқымыздың бойындағы отансүйгіштік қасиеттің тереңдігін аңғартады.

Ата-бабамыз осынау ұланғайыр жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, басын бәйгеге тікті. Ұлтымыздың басынан елдік мұрат жолындағы талай шайқастар өтті. Сондықтан жеріміздің әрбір пұшпағы біз үшін қастерлі. Өйткені бабаларымыздың бізге беріп кеткен аманатынан артық қандай киелі нәрсе бар.

Отаншылдық рух – ұлтты ұйыстырып, халықты біріктіретін ұлы күш. Осы рух қана халықтың алапат жігерін, білімін, қайратын тәуелсіз елімізді сақтау, дамыту, өркендету жолына бағыттай алады. Сондықтан отаншыл азаматтарды тәрбиелеу – кез келген мемлекеттің басты міндеті. Өскелең ұрпақты, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі өте өзекті. Егер жастар қоғамға пайдалы іспен айналыспаса, соның салдарынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар өсіп жатыр.

Кейбір түсінбейтін жандар өз ұлтын ғана сүйіп, басқаларды жек көру сияқты жағымсыз қасиеттерді патриотизммен жиі шатастырады. Бірақ нағыз патриот өзге ұлтты да сыйлап, олардың ұстанымына, наным-сеніміне де құрметпен қарайды. Отанға деген сүйіспеншілік басқа елдің азаматтарына деген дұшпандықты білдірмейді. Патриот өз елінің және онда тұратын халықтың мүддесін қорғау ниетімен, өз үйіне, көшесіне, қаласына ұқыпты қарауымен ерекшеленеді. Ел заңдарын сақтап, Отан игілігі үшін еңбек етіп, ана тілі мен мәдениетін құрметтей білу керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда отаншылдық сезім туралы баса айтты. Отанға деген сүйспеншілік ұран тастап жиын өткізу емес екеніне тоқталып, өзіңнің айналана қамқорлықпен қарау, өз үйіңнен бастап тұратын қала немесе ауылыңа дейін таза ұстап ластамау нағыз  патриоттық екенін  тілге тиек етті. Сонымен қатар еркітілердің еңбегін де жоғары бағалап, олардың нағыз патриот жандар екеніне ерекше тоқталды. «Олар еліміздің дамуына, оның келбетін жақсартуға зор үлес қосып жатыр. Біз бүкіл қоғам болып еріктілерді қолдауымыз керек, олардың еңбегін бағалап, марапаттап отыру қажет», – деді Президент. 

Міне сондықтан да еріктілер қозғалысын насихаттап, дамыту маңызды іс деп  атауға болады. Жасы келген адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларға, ұлттың рухани саулығы мәселесіне, өз елінің тағдырына шынайы алаңдайтын, мұқтаж жандардың қайғысы мен үмітіне бей-жай қарамайтындардың барлығын еліміздің нағыз арлы да адал патриотты деуге болады. Жастардың бойында отансүйгіштік, еріктілік қасиеттерді қалыптастыру жұмысы неғұрлым тезірек қолға алынса, соғұрлым белсенділік пен адамгершілік қасиеттер жоғарылайды.

«Еріктілер деген кім және олар не істейді?» Ерікті деген – мектеп оқушысы, студент, зейнеткер, директор немесе менеджер, құрылысшы, спортшы, заңгер, тіпті кез келген мамандық иесі болу мүмкін. Бірақ еркітілерді ерекше адамдар деп нақты айтуға болады. Өзінің отбасы, жұмысы, оқуы, жеке өмірі бар, бірақ игі істерге, өзгенің қажеттілігі үшін жасалатын жұмыстарға көмектесуге қашанда үлгеретін, уақыт табатын, мұқтаж боп тұрған адамға жәрдемдескісі келетін ізгі ниетті адам.  Міне осындай жандар ғана құрметке лайық.

Президент құрылтайда еңбек адамының мәртебесін көтеру туралы ой қозғады. Оларды құрметтеу, марапаттау, бағалау туралы айта келіп, адамның қандай қызмет атқарғаны маңызды емес, өз жұмысын қалай істеп жүргені маңызды екеніне тоқталды. «Нағыз еңбек адамы дегеніміз кім? Бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Ал жауапсыздықтың салдары неге апарып соқтыратыны кешегі өрт кезінде айқын көрінді. Осындай келеңсіз жағдайлар тек орман шаруашылығында емес, басқа да салада бар», –  деді Мемлекет басшысы.

Иә, Абай облысында болған алапат өрт әр азаматқа ой салуы керек. Тілсіз жаумен алысып, өз міндетін адал атқару жолында шейіт болған 14 азаматтың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Елімізде сан мәрте осындай оқыс жағдайлар болды, оған тосқауыл болуы үшін талай ер мінезді жандар мерт болды. Олардың ерлігі сол уақытта ғана айтылып, кейін ұмытыла бастайтыны өкінішті. Бейбіт күннің батырларының даңқы өшпеуі керек. Патриоттық тәрбие берудің маңызды құралы ретінде әрдайым  еске алып, тағзым етсек, ер еңбегінің өшпегені, бағаланғаны болар еді. Кейінгі ұрпақ та алдындағы аға-апалары сияқты, елі үшін жанын беретін отаншыл рухта тәрбиеленер еді. Отан үшін отқа түсу соғыс уақытында ғана емес, бейбіт күнде де ел мен жерді қорғауға дайын болу. Сондықтан әрбір адал атқарылған міндетті, Отанымыздың дамуы жолында жасалған жұмыс деп бағалау керек. Осындай сәтте ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?!»  деген даналық сөзі еркісіз еске түседі. Президентіміздің ел мүддесін талқылаған алқалы жиында еңбек адамы бағалануы керек деп елдік мұраттың жолында шаршамайтын адал жандарды ардақтағанда ғана елдің еңсесі биік боларын меңзегені деп түсінген жөн.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста