«National bookdating» акциясы өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Талдықорған қаласы, Достық үйінде «National bookdating» акциясы аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық біріңғай күні өтті.
Алматы Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың төрағалығымен өткен жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшы топ төрағалары, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, және БАҚ өкілдері қатысты.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жайында Алматы Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшы топ төрағасы Қуат Баймырзаев, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педогогика және акмеология ғылымдарының докторы, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Гриф Хайруллин өз пікірлерімен бөлісіп, бұл жобаның еліміздің одан әрі өсіп, өркендеуіне жол ашатынын нақтылап айтты.
Еркенұр Ерзия