Этномәдени бірлестіктер «Астана – бейбітшілік бесігі» фестивалін өткізді

Этномәдени бірлестіктер «Астана – бейбітшілік бесігі» фестивалін өткізді

Жақында Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», облыстық «Полония» поляк қоғамының ұйымдастыруымен Астана күні аясында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты фестиваль өтті.

Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық және қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің төрағалары, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетер жайт, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде өтіп жатқан мәдени шаралардың қай қайсысына болмасын өз үлестерін қосып отырады. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік. Өйткені сыртқы күштердің илеуіне түскен іркіттей іріген талай ұлтты көріп жүрміз. Бір атадан туса да, бітіспес дауға ұрынған мемлекеттер болады, қырық жұрттан құралса да, «шәй» деспей тірлік кешетін елдер бар әлемде. Қазақстан соның бірі. Елімізде 125-тен аса ұлттың өкілі тұрады. Алайда олардың еліміздегі татулығы, бірлігі жарасып, тіпті түрлі іс-шаралар өткізуге мұрындық болып отыр. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен жылды жемісті қорытындылады. Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік былтыр он бес мыңға жуық іс-шара өткізіпті. Оған үш жүз мыңнан астам адам қатысқан. Бірлестік жанында 135 жастар ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1391 орталық, клуб, үйірме, басқа да шығармашылық ұжымдар әр ұлыстың тілі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің сақталуына, ең бастысы, елдегі бірліктің бекем болуына үлес қосып отыр. «Астана – бейбітшілік бесігі»  фестивалі солардың бірі деуге болады.

Фестивальды «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаев пен Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова құттықтау сөзімен бастады.

Мерекелік шара аясында концерттік бағдалама, құттықтау сөздер мен марапаттау рәсімі өтті. 

Еркенұр ЕРЗИЯ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста