1 мамыр Қазақстанда кең ауқымда, барлық қоғам өкілдерінің қатысуымен, әртүрлі форматта аталып өтілетін мереке. Осы орайда жақында Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің Жиыны шеңберінде «Қазақстан халқының бірлігі - елдің басты байлығы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында «Конфессияаралық келісім аллеясына» ағаштар отырғызылды.
Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, соған қоса Астана қаласын көгалдандыру және жаңарту бастамасын қолдау мақсатында жасалды.
Аталаған іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.А. Оңғарбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П Әбуов, Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Н. Есин, діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, Қазақстандағы православ шіркеуінің, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің, Еврей қауымының, Евангельдік-лютеран шіркеуінің, Евангельдік христиан-баптистер шіркеулері Одағының, «Жетінші күн адвентистері» шіркеуінің, Новоапостол шіркеуінің, Пресвитериан шіркеуінің, Кришна Санасы Қоғамының, Бахаи Қауымдастығының, Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуінің және Қазақстан діни бірлестіктері Қауымдастығының басшылары мен өкілдері қатысты. Бір кісідей жұмыла игі іс жасаған шараға қатысушылар үйымдастырушыларға алғысын жаудырды!
Еркенұр Ерзия