Қазақ халқының есінде мәңгі сақталатын, арда туған ұл қыздарының қатары өте көп. Солардың бірі Қаныш Сәтпаев. Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде дүниеге келген.
Шын аты-жөні Ғабдул-Ғани уақыт өте Қаныш атанып кеткен көрінеді. Жастайынан геология саласына қызыққан бозбала Томскідегі техникалық институтта білім алған. Сыр берген денсауылығына қарамастан, арасында үзіп жүріп Қаныш аталмыш оқу орнын 1929 жылы бітіреді.
Тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай аудандарындағы пайдалы қазбалар мен кен орындарын зерттеп, сол кездегі қоғамның осы салаға мойын бұруына сеп болады. Сондай-ақ ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеп шығады. Кейін кен аумағы кеңейіп барлау жұмыстарының аймағында жұмысшылар көбейе түседі. Өз жетекшілік етіп, бұрғылау мастерлері, прораб, сызба сызушылар секілді түрлі мамандық иелері де қалыптаса бастайды. Нәтижесінде осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені беріледі. Кейін қазақтың талантты ұлына тағы да бірнеше орден берілген.
Қазақтың ғалым ұлы кейін 1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып сайланады. Бойшаң келген, қазақтың айрықша ұлына қатысты мына бір ел аузындағы әңгіме де оның елін қаншалықты сүйгенін айғақтайды.
1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік" деп жауап берген екен. Көптеген деректер Қаныш Имантайұлының ерекше бойшаң болғанын айғақтайды. Сонысына таңқалғандарға орай берген ұтқыр жауабы бүгінде ел ішінде аңыз!
Бүгін Қаныш Сәтпаевтың туғанына 123 жыл толып отыр!
Ерзия Ерсұңқар