Бүгін – Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күні

Бүгін – Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күні

Еліміздің ғарыш саласында айтарлықтай өз жолы бар. Байқоңыр ғарыш айлағы ғана емес, ғарышкерлеріміздің де қалыптасуы бұл атаулы күннің елімізбен көп байланысты екенін айғақтайды. 

 1961 жылы 12 сәуірде ең алғаш рет еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышкерлер ғарышқа аттанған болатын. Бүгін сол атаулы күнге 61 жыл толып отыр. Кейін Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері атанды. Ғарышқа салынған осы алғашқы жолдан кейін әлемде 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Олардың жасаған зерттеулері адамзат игілігі үшін қолданылуда. Байқоңыр ғарыш айлағы да жалға беріліп, ғарыш тану жолында қызмет етуде. Қазіргі таңда осы Байқоңыр ғарыш айлағының  арқасында еліміз ғарыш технологиясымен жабдықталған 15 елдің қатарына еніп отыр.

Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдегi бiрiншi және iрi ғарыш айлағы саналады. Қазақтың маңдайына біткен бір бағы саналатын Байқоңырды орнымен пайдалану, ғарыш дүниесін зерттеу, ел игілігіне пайдалану өте маңызды. Жердің кіндігі саналатын Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға зымыранды шығару барысында шығындарды аз мөлшерде қажет ететiн аймақ болғандықтан бүгінде ол мекенге қызығушылардың қатары баршылық. Соны өз игілігімізге дұрыс пайдалану парыз!

Біздің елімізден соң ғана Кейіннен Канада, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Нидерланд, Испания сияқты елдер де ғарыштың игеруге бет бұра бастады. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдер ғарышқа қызығушылық танытып, оны игеру қызметімен айналысады. Олардың өздерінің ғылыми және қолданбалы маңызға ие жасанды серіктері де қалыптасқан.

Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов секілді ғарышкерлеріміз ұлт мақтанышына айналып отыр.   

Ерзия Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста