Қазақстан халқы Ассамблеясының бағыттарының бірі – медиация институтын дамыту. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде Қазақстандағы қоғамдық және ұлтаралық саладағы басты медиатор болып отыр. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы бағытта қыруар шаруалар атқаруда. Облыста 2016 жылдың ақпан айында «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінде медиация кабинеті ашылған болатын. Медиация кабинеті қажетті әдістемелік әдебиеттермен және техникалық құралдармен жабдықтау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды, бұнда әрбір тілек білдіруші өзіне қажетті ақпаратты, медиация туралы кеңесті алуға мүмкіндігі бар.
ҚХА-да құрылған кабинет – бұл өңірдегі ұлтаралық келісім саясаты мен тұрақтылықты айқындайтын аналитикалық және стратегиялық орталық. Кабинеттің мақсаты халыққа ақпарат беру, олардың медиаторлармен қарым-қатынастарын реттеу, медиация шарттарын анықтау және нәтижелерін белгілеу.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасын табыстау аясында облыс аудандарында тұрғындармен жанжалды жағдайлар мен дауларды шешуде медиацияның рөлі мен маңызы жөнінде кездесулер өткізіп оның барысында «Өңірде медиация институтын енгізу және дамыту» тақырыбына ақпараттар берілді.
Сонымен қатар осы жұмыстар мемлекеттік органдармен тығыз байланыс пен ынтымақтастықта жүргізіліп келеді. Мысалы, Әділет департаментінде «Медиация. Медиация түсінігі мен принциптері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы адвокаттарының қатысуымен «Медиация – дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Таяуда «Медиация институтын дамыту» тақырыбына облыстық форум өткізілді, форумда өңірде медиация институтын қолдану және дамыту, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықтың деңгейін арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жандандыру, аудандық медиация кабинеттерімен және қоғамдық келісімнің ауылдық кеңестерімен өзара әрекет ету, медиация қызметіндегі жаңа бағыттарды қолдану мәселелері қарастырылды. Форум қорытындысы бойынша біздің облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының құрамы сайланып, бұған сот, мемлекеттік мекемелер өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, «Қоғамдық келісім» КММ мамандары кірді. Сол күні «Ашық есік күндері» акциясының аясында облыс орталығындағы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің және «Батыс су арнасы» ЖШС медиация кабинеттерінде, 12 ауданда аудандық сот базасында және 132 ауылдық округте қоғамдық келісім кеңестерінің басшылығымен азаматтарды қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, онда 39 кәсіби және 189 кәсіби емес медиаторлар азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Барлығы облыс бойынша қамтылғандар саны 1117 адам құрады.
Бүгінгі таңда, облыс бойынша 145 медиация бөлмесі жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіби емес медиаторларының тізілімі жасақталды. Облыста 7 кәсіби медиаторлық орталық жұмыстануда, олардың реестрінде 40 кәсіби медиатор кіреді. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының реестрінде 224 кәсіби емес медиатор және 4 отставкадағы судьялар тіркелген. Қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде медиаторларға жүгінулер саны екі есеге артты.
Облыс медиаторлары 1217 медиативтік келісім жасады, олардың 633-і кәсіби медиаторлар орталықтарымен және 584-і кәсіби емес медиаторлармен сотқа дейінгі тәртіпте шешілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институты қызметінің дамуы бұл тұрғындар арасында дау - жанжалды жағдайларды сотқа дейінгі түрде шешу мәдениеті.
Аталған шаралар әлеуметтік және құқықтық дау-жанжалдардың алдын алу, азаматтық және қылмыстық істердің азайыуына септігін тигізеді деген үметтеміз. Дауды дұрыс шешкеннен кейін біз бір-бірімізге жақын дос, жемісті қызметкер, ұйымшыл ұжым бола аламыз. Қандай да бір дауды болдырмау бойынша идеологиялық жұмыстарды бірлесіп жүргізу үшін Медиация кабинеті Қазақстан халқы Ассамблеясының, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік және өзге де құрылымдарымен өзара ынтымақтасып жұмыстанып келуде. Жанжалдың дұрыс шешілуі – медиацияның кәсіби екенін көрсетіп, құзыреттілігімізді жаңа деңгейге көтереді.
«Бірыңғай республикалық медиация күні» шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен осы жылдың тамыз айында Достық үйінде дөңгелек үстел өткізіліп, шараға облыстық сот және прокуратура, әділет департаменті өкілдері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, қоғамдық келісім, ақсақалдар және аналар кеңестерінің мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және кәсіподақ, БАҚ, сондай-ақ БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері, жалпы 60 астам адам қатысты.
Шараның басты мақсаты,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қоғамымыздың әлеуметтік және рухани тұрақтылылығының негізі ретінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиация институтын дамытуға ықпал ету.
Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Идиров, әділет департаменті басшысының орынбасары Х.Құсдәулетов, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің кәсіби медиаторы, «БҚО медиаторлар Одағының» төрайымы А.Рахишева, «БҚО қоғамдық медиаторлар Одағының» төрайымы М.Сельбаева,«Татулас» орталығының директоры Д.Хабиев, Теректі ауданы Подстепное ауылының медиаторы З.Шатикова, «Халықаралық құққық қорғау орталығы» областық филиалының директорыМ.Камалов сөз сөйлеп, медиация институтын алға жылжыту және аймақтағы медиацияны дамытудың тиімді әдістері туралы келесі ұсыныстар жасалып, қатысушылар тарапынан келесі міндеттер белгіленді:
біріншіден, Қазақстан халқы Асамблеясының XXVI сессиясында белгіленген «Бес әлеуметтік бастамалар – қоғамның әлеуметті бірлік платформасы» шеңберінде медиация институтының рөлі мен мәні туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, күшейту;
екіншіден, Зашаған ауылы, Жәңгір хан,160 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа автоХҚҚО-нда медиация кабинетін ашуға бастама жасау;
үшіншіден, сотқа қатысушыларға проблемалық мәселелерді шешудің өзара тиісімді үрдісі ретіндегі медиация туралы ақпаратты уақытылы жеткізу;
төртіншіден, қалалық білім беру бөлімінің қамқорлық бөлімінде медиаторлардың кезекшілік кестесін жасап, ұсыну;
бесіншіден, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге ықпал ететін, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы делдал ретіндегі медиацияның жұмыс сапасын арттыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу.
Сонымен қатар, «Бірыңғай республикалық медиация күнін» өткізу аясында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орал қаласының тұрғындары арасында «Медиацияның не екенін білесіз бе?», «Медиатор деген кім?», «Сіз жанжалды шешудің қандай әдісін таңдар едіңіз?» және т.б. сұрақтар төңірегінде сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 59% медиацияның не екенін біледі, 28% - медиация туралы естіген, бірақ білмейді, ал сұралғандардың тек қана 13% медиация туралы білмейтіндігі анықталды.
Жалпы облыс бойынша 73 дәл осындай шаралар ұйымдастырылып, 1000 астам адам қатысты. Барлық аудандарда мерекеге арналған бірегей алгоритмді қамтамасыз ету үшін медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, медиация күні аясында «ашық есік» күндері, медиация институты туралы азаматтарға хабардар беру туралы блиц-сауалнама жүргізіліп, халықты мазалайтын көкейкесті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдаулар ұйымдастырылды. Осы аталған шаралар облыстық БАҚ-та кеңінен жарық көрген болатын.
Айша Нұржан