Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отырған ұйым ғана емес, сонымен қатар қоғамымызда өз міндетін абыроймен атқарып келе жатқан мекеме.
Өткен жылдың ерекшелігі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы болды. Ол бүгінде барлық елді мекендер мен ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп тұр. Аналар кеңесі мен «Бірлік» жастар қауымдастығы да қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық бірлікті сақтауға, патриоттық сезімді қалыптастыруға үлес қосып келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар да ауқымды. Кәсібі нық азаматтар туған жерлеріне көмектесіп, мектеп, балабақша салуға, көшелерді жөндеуге үлес қосып жатыр. Ал «Рухы бекем, киелі мекен Жетісу» экспедициясы қасиетті орындарды аралап, қызықты деректер жинады. Осылардың барлығы Алматы облыстық Қазақсстан халқы Ассамблеясы аясында атқарылып жатқан игі шаралар.
Ғабит Тұрсынбай, ҚХА облыстық филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі:
– Жетісудың киелі жерлерінің есебі жасалып, ол жерлер туралы аңыз әңгімелер жинақталды. Ол жөнінде алғашқы кітап жарық көрді. Бұл Жетісу жері үшін үлкен жетістік болып отыр.
Еркенұр Ерзия