Екі бойжеткеннің әңгімесінен:
– Кеше әкеме күйеуге шығатынымды айтып едім, бір емес, екі қойды бір-ақ бауыздап тастады.
– Жоқ, ашуланып...
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Бернард Шоуды білесің бе?
– Білмеймін, бірақ мынауың да Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу деген сияқты бірдеме шығар...
***
Күйеуі әйеліне:
– Жаным, демалыс күндері достарыммен тағы да аңға шығатын шығармын...
– Бара бер, сені ешкім мүйізіңнен ұстап отырған жоқ қой.