Әзіл-шыны аралас
«Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал» деген сөз бар. Сонда бүкіл дүниежүзінде бейбітшілік болу үшін дүниежүзілік соғысқа дайындалу керек пе?
***
Шешесі мен қызының әңгімесінен:
– Мам, мектепте кеш болады. Бриллианттарымды тақсам бола ма?
– Жоқ, болмайды!
– Неге болмайды? Бриллиантты жаңа жылда, алтынды туған күнiме, күмісті 8 наурызға сыйлады. Бiрақ әлi ешқайсысын тағуға болмайды. Қашан жарқырап жүрем сонда?
– Әкең зейнетке шыққанша шыдасаңшы. Ол қазір қарапайым ғана қатардағы жол сақшысы емес пе?!
***
– Алло, таксиге тапсырыс берейін деп едім.
– Мекенжайыңыз?
– Абай көшесi, 120, бiрiншi подъезд.
– Қайда барасыз?
– Абай көшесi 120, екiншi подъезге.
***
Түн ортасы. Есіктің тарсылынан үйдегілердің бәрінің ұйқысы шайдай ашылды. Отағасы есікке таяп келіп:
– Бұл кім?!
– Бұл кім десең, мен қазақпын...
– А-а... Ерболат, сен екенсің ғой, түнделетіп неғып жүрсің?
***
Раввин (еврейдiң молдасы) өзiмiздiң молдекеңдi әжуаламақ болады:
– Молдеке, түсiмде сiздердiң жұмақты көрдiм. Ол жағыңыз лас, қараңғы екен ғой...
– Мiне қызық, мен де түсiмде сiздiң жұмақты көрдiм. Ол жақ тап-таза, бiр-ақ бiрде-бiр жан жоқ екен.