Үйленгендеріне 20 жыл болған ерлі-зайыптылар дастарқан басында әңгімелесіп отыр.
Әйелі:
– Жаным, шыныңды айтшы, сен мені әлі жақсы көресің бе?
Күйеуі:
– Қай-қайдағыны қозғап, ұрыс бастамай отыршы тағы...
***
Екі дос жолығып қалады.
– Жаңа жылды қалай қарсы алдың?
– Сол жағын білмедім. Алдымен кешті суретке түсірген адамды тауып алуым керек...
***
Хатшы қыз бастығынан:.
– Сіздің әйеліңіз неге келген сайын маған біртүрлі қарайды осы?
– Өйткені бір кездері ол да сен секілді менің хатшым болған...
***
Психиатр қабылдауында екі адам тұр.
– Сіз дәрігерге кірейін деп тұрсыз ба әлде кіріп шықтыңыз ба?
– Е-е-е, соны білсем, осында отырам ба омалып...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора