Қысқартуға ұшырауы мүмкін мемлекеттік қызметкерге психологиялық кеңес:
«Қысқартуға бойыңызды үйрету үшін алдымен шашыңызды, сосын шылым шегіп, арақ ішуді, үйге не болса соны алуды, бастығыңызға ғайбат сөз айтуды және күні-түні қыдыруды, қонаққа баруды әрі оларды шақыруды қысқартыңыз».
***
МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, иесіне:
– Қане, орта мектепті бітіргеніңіз туралы аттестатыңызды көрсетіңіз.
– Тағы қандай заң шығарып алғансыздар? Қайдағы аттестат?
– Мектепте «беске» оқысаңыз, жол ережесін жақсы білер едіңіз ғой...
***
Құрбылардың әңгімесінен:
– Менің күйеуім бала сияқты осы...
– Кәмпит бермесең жылай ма?
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора