Кеңседе. Бастық қызметкеріне:
– Сіз осымен бесінші күн қатарынан жұмысқа кешігіп келіп жүрсіз. Бұл нені білдіреді?
– Демек, бүгінгі күн жұма деген сөз...
***
Әріптестер әңгімесінен:
– Жұмысың біткен соң қайда барасың?
– Зейнетке...
***
Немересі әжесіне:
– Әже, маған 500 теңге берші.
– Не дейсің, естімей тұрмын.
– 1000 теңге бере тұрыңызшы...
– Сен 500 теңге сұрадың ғой.
***
Әйелі жұмыстан кешірек оралып, күйеуіне:
– Қарның ашқан жоқ па?
– Жоқ, қазанда тамақ бар екен.
– Не? Ол иттің тамағы еді ғой.
Алматтың әзілдері

Последние статьи автора