Суретшілердің арасындағы әңгіме:
– Кеше сурет көрмесіне бардым. Барғанымды қайтейін, сенікінен басқа сурет көрмедім. Көруге болатын жалғыз сурет сенікі екен.
– Қалғандары онша емес пе екен?
– Жоқ. Басқа суреттердің алды – құжынаған адам. Түк көрсетпейді...
***
Анализ қорытындысын шығарған дәрігер науқасқа:
– Сіздің ағзаңыз құрылыс заттарын сататын дүкенге ұқсайды.
– Неге олай дейсіз?
– Өйткені сіздің өтіңіз бен бүйрегіңізде – тас, буындарыңызда – тұз, бұлшық еттеріңізде – темір, өкпеңізде – күл, асқазаныңызда құм жиналып қалған.
***
Көптен бері кездеспеген екі достың әңгімесі:
– Ұлың ержетіп қалған шығар, иә?
– Иә, қазір емханада жатыр.
– Не жағдай болып еді?
– Жақында машина сатып алып бергенмін ғой...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора