Екі әжейдің арасындағы әңгіме:
– Әй замандас, шыныңды айтшы. Осы сен қай немереңді ерекше жақсы көресің?
– Соңғы екі жылда ешқайсысын жақсы көріп жүрген жоқпын.
– Неге, мейірімің сарқылды ма?
– Бәрі қу кәріліктің кесірі ғой. Көзім бұрынғыдай емес...
***
Бастық пен жұмысқа кешігіп келген қызметкердің арасындағы әңгіме:
– Түйіндемеңізге ұқыпты, жауапкершілікті деп жазған екенсіз...
– Олай деп жазбасам, жұмысқа қабылдамайтын едіңіз ғой.
***
Әйелі күйеуіне:
– Сен арақ ішпегеніңде қызметте биіктеп, зор байлыққа қол жеткізетін едің.
– Мен ештеңеге қол жеткізбейтін едім. Ал сен алтын жүзіктер мен қысқы тон алатын едің.
***
Сессия кезінде студент профессорға:
– Ағай, бес мың теңгеге бес қойып беріңізші.
Профессор:
– Рақмет, екі мың да жетіп қалар...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора