Әкесі мен баласы саябақта қыдырып жүреді.
– Әке, балмұздақ сатып алып берші.
– Жоқ, болмайды, балам.
– Неге?
– Біріншіден, балмұздақ денсаулыққа зиян. Тамағың ауырады. Екіншіден, балмұздақ алсақ, сыраға ақша жетпей қалады.
***
Бір жігіт дәрігерге қоңырау шалады:
– Дәрігер мырза, сіз маған бір жыл бұрын «тезірек жазылуыңыз үшін сізге тыныштық керек» деп айтып едіңіз.
– Иә, айтқанмын. Нәтиже шықпады ма?
– Жоқ, нәтижесі жақсы. Қазір денсаулығым дұрыс сияқты.
– Енді не мәселе?
– Сізден сұрайын дегенім, енді әйелім мен балаларымды ауылдан әкеле берсем бола ма?
***
Жұмыстан келген күйеуі мен әйелдің арасындағы әңгіме:
– Менің қарным ашып келді. Ал сен тамақ жасамапсың.
– Таңға дейін шыдашы, жаным.
– Таңда не болады?
– Жұмысыңа барасың ғой.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора