Екі жігіт әңгімелесіп отыр:
– Сенесің бе, мен ешқашан әйелімнің көзіне шөп салған емеспін.
– Сен мақтанып тұрсың ба әлде өкініп тұрсың ба?
***
Көршілер қауқылдасып тұр:
– Естідің бе, кеше аспаннан метеорит құлапты ғой.
– Қандай ит дейсің?
***
Әріптестер әңгімесінен:
– Білесің бе, мен ақша табудың қолайлы әдістерін әбден меңгере бастадым.
– Сен алдымен маған бұрынғы қарыздарыңды қайтар.
***
Емхана. Дәрігер науқасқа:
– Кешкісін жатар алдында үлкен кесеге су толтырасыз да, мына дәріні қосып араластырасыз. Басыңыздың ауырғаны басылады.
Бір айдан соң. Дәрігер:
– Қалайсыз, тәуір бола бастадыңыз ба?
– Бәрі дұрыс, бірақ әлгі дәріні ішкен сайын жүрегім айнып, құсқым келе береді.
– Кешіріңіз, ескертпеппін ғой, ол ішетін емес, денеге жағатын дәрі еді...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора