Жігіт қызға:
– Қарындас...
– Мен сізге қарындас емеспін.
– Енді кімсіз?
– Мен сізге әзірше бейтаныс арумын...
***
Қыз жігітке:
– Театрға барайықшы.
– Қой, ұяламын.
– Неге?
– Мен қатты қорылдаймын ғой...
***
Оқушы баласы әкесіне:
– Биыл мектепті бітірсем, маған автокөлік алып бересіз бе?
– Әзірге ақша жоқ, тағы бір жыл сыныптан кейін қалып оқи тұр...
***
Әкесі баласына:
– Мектебіңде не жаңалық, балам?
– Мен мектепке баруды қойғалы қашан?!
– Не деп тұр ей, мынау?
– Мен қазір студентпін ғой, әке...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора