Жас сарбаз анасына хат жазып отыр:
«Мама, мысық сатып ал да, атын Прапор деп қойшы. Әскерден барған соң өз қолыммен өлтірем!»
***
Әскери бөлімге компьютер алынды. Полковник:
– Мұның не керегі бар?
– Жолдас полковник, бұдан сіздің жұмысыңыз екі есе азаяды.
– Онда тағы біреуін әкеліңдерші.
***
– Қатардағы Ұзақбаев, менің сұрағыма «Так точно» деп жауап беру керек, ұқтың ба?
– Аха.
***
– Папа, шоколад алып берші...
– Сен дәу жігіт емессің бе?! Аз уақыттан соң әскерге барасың...
– Онда маған шылым шегіп, машина айдауға болады ғой, иә?
– Жарайды, қандай шоколад алып берейін?..
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора